Хакер
From Wikipedia, the free encyclopedia
"Хакер" (ағылш. hack деген сөзінен) деп, әлемдегі ең ірі әрі күрделі саналатын компьютерлік желілерге кіруге қол жеткізген, өзінің электрондық саладағы білімін жаңа идеялар енгізу арқылы дәлелдейтін және де технологияның даму мәдениетін егжей-тегжейлі білетін адамды айтады. Алайда көпшілік үшін қандай да бір электрондық жүйеге заңсыз шабуыл жасаған адам біздің қоғамда «хакер» деген атқа ие болған.
Қазақстан қоғамы кез-келген шетелдік хакерлермен бәсекелесе алатын компьютерлік «бұзақыларымен» ерекшеленіп, олардың алпауыт елдер үшін де үлкен қауіп төндіруге қауқары жетеді десе болады. Қазақстандық құқық қорғаушылар мен қаржы саласындағылар «байланыстың электрондық жүйесі хакерлер үшін ақша табудың таптырмас құралы бола алатындығын» мойындап отыр. Сондықтан да ҰҚК мемлекеттік органдардың ақпараттық арналарына заңсыз енетіндерге қарсы тосқауыл қоюды басты міндеттерінің бірі санайды. Қазіргі кезде аталған комитетте компьютерлік технология саласындағы қылмысқа қарсы күрес бөлімі жұмыс істейді. ҰҚК-нің заңдық базасына осындай қылмыстарға қатысты істерді қарайтын арнайы бап та енгізілген. Хакерлердің негізінен банк жүйесіне «сілекейлері шұбыратыны» айтпаса да түсінікті. Алайда банк саласы олжасын оңай бөліссін бе, қаражатын өз «хакерлерімен» күзетуде. Банк ондай қызметкерлеріне жоғары жалақы төлеп, аса құрметпен қарайды. Басқа да ірі компаниялар құпияларының қауіпсіздігі үшін «хакер» ұстайты. «Өз хакеріміз» деп айтқандары болмаса, мұндай қызметкерлердің ресми атауы – қауіпсіздік қызметі. Олардың міндетіне өзі жұмыс істейтін нысанның барлық технологиялық процестерін бақылап отыру жатады. Аталған қауіпсіздік қызметінің «алтыннан да ардақты» мамандары ешкімге зиянын тигізбесе де қызық үшін өзгенің «ауласына» кіріп, онда не болып жатқанынан хабардар болып отырады-мыс. Құқық қорғаушылардың айтуынша, қазіргі кезде хакерлер тарапынан болып жатқан қылмыстар уақыт озған сайын арта түсуде. Мұны тәуелсіз сарапшылар елдегі компьютерлендіру жағдайының тез қарқын алуымен байланыстырады.