![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/91/Bruce_McCandless_II_during_EVA_in_1984.jpg/640px-Bruce_McCandless_II_during_EVA_in_1984.jpg&w=640&q=50)
Хайтек
From Wikipedia, the free encyclopedia
Хайтек - [ағылш. high-tech, high- technology - жоғары технологиялар] - ғылым, ақпарат және онымен байланысты жоғары технологиялар, оларға сәйкес білімнің қоғамның өркениеттік дамуы дәрежесін және оның ғаламдық қатынастарға қаншалықты қатыстылығын анықтайтын қазіргі технологиялардың және ғылыми әндірістердің қарқынды дамуы. Миниатюрлендіру, автоматтандыру, компьютерлендіру, мик- роэлектрониканы роботтандыру және жаңаша технологиялар әлемді түбегейлі өзгертуде, күрделі мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік беруде. Нәтижесінде индустриалды өндіріс орнына арнайы есептеуіш машиналардың көмегіне сүйенген қызмет көрсету, басқару, білім беру салалары жетекші орындарға шығуда. Хайтек технологияларға жалпы қандай да бір жаңалықтардың (өнертапқыш) және оның іс жүзіне асырылуы арасындағы уақыт мерзімін барынша қысқарту тән. [1]