Футболдан 1982 жылғы әлем біріншілігі (финал)
From Wikipedia, the free encyclopedia
1982 жылғы футболдан 12-ші әлем чемпионатының шешуші матчы. 1982 жылы 11 шілдеде Мадридтегі Сантьяго Бернабеу стадионында өтті. Италия құрамасы ГФР футболшыларын 3:1 есебімен ұтып, үшінші рет әлем чемпионы атанды[1].
Quick Facts Турнир, Италия ...
Close
1934 және 1938 жылғы жеңістерден кейін Италия чемпиондық жөнінен чемпиондар Бразилияны қуып жетті. Италиялық Паоло Росси турнирдің үздік бомбардирі ретінде (6 гол) «Алтын бутсыны», ал турнирдің ең үздік ойыншысы ретінде «Алтын допты» жеңіп алды (бірінші рет марапатталды). Италияның 40 жастағы қақпашысы және капитаны Дино Зофф әлем чемпионатын жеңіп алған ең қарт ойыншы болды.