Футболдан әлем біріншілігінің хет-триктері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бір кездесуде төрт немесе бес гол соққандарды қоса есептегенде, 1930-2018 жылдар аралығында әлем чемпионаттарында 50-ден аса хет-трик жасалды. Алғашқы хет-триктің авторы — америкалық Берт Пэтнауд. Ол 1930 жылы Парагвайдың қақпасын бір ойында үш рет көздеді. Ал, әзірше соңғы хет-трик англиялық Харри Кейннің еншісінде, 2018 жылы Панаманың қақпасына соқты.
Бір матчта 4 рет көзге түскен футболшылар саны алтау ғана: Эрнест Вилимовски (1938), Адемир (1950), Шандор Кочиш (1954), Жюст Фонтен (1958), Эйсебио (1966) және Эмилио Бутрагеньо (1986). Ал, бес гол соққан футболшы біреу: ресейлік Олег Саленко (1994 жылы Камерунның қақпасына енгізді).