![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/66/Turkey_ancient_region_map_phrygia.gif/640px-Turkey_ancient_region_map_phrygia.gif&w=640&q=50)
Фригия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Фригия - (грек. "Φρυγία", лат. "Phrygia", түр. "Frigya") - Кіші Азияның солтүстік-батыс бөлігіндегі тарихи аймақ. Фригия тұрғындары - Европадан (Македонияда немесе Фракиядан) қоныс аударған фригиялықтар.
Тарих
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/66/Turkey_ancient_region_map_phrygia.gif/640px-Turkey_ancient_region_map_phrygia.gif)
Б.з.б. 2 мың жылдықта Фригия айтарлықтай гүлденіп, территориясы кеңейді. Гомердың "Иллиада" поэмасына қарағанда б.з.б 13 ғасырда Фригия гректермен соғыста Трояға көмектескен, ал Троя соғысы Трояың күйреуімен аяқталғаннан кейін оған өз үстемдігін орнатты.
Б.з.б. 9 ғасырда Фригия Эгей теңізінде үстемдік жүргізді.
Б.з.б. 8 ғасырдың аяғында Фригияның халықаралық жағдайы әлсіреді.
Б.з.б. 546 ж. Фригия, бүкіл Кіші Азия сияқты, парсыларға бағынды.
Б.з.б. 5 ғасырдың аяғында - 4 ғасырдың басыда Фригия екіге бөлінді:
- Ұлы Фригия
- Кіші Фригия
Б.з.б. 333 ж. Фригияны Александр Македоский жаулап алды.
275 ж. Фригия территориясын Сангария (қазіргі Сакарья) шығыс жағын галлаттар бағыдырды. Ал батыс бөлігі Пергамға қарады.
Византия империясы құрылғаннан бергі географиялық деректемелерде Фригия айтылмайды.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998