From Wikipedia, the free encyclopedia
Франческо Тольдо (итал. Francesco Toldo; 2 желтоқсан 1971[1], Падуя) — италиялық футболшы, қақпашы.
Франческо Тольдо | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні |
2 желтоқсан 1971 (52 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
196 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
қақпашы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1993 жылға дейін "Милан", "Верона" клубтарында ойнады. 1993 жылы "Фиорентина" ауысты да, сегіз маусым бойы негізгі құрамнан түспеді. Осы аралықта екі рет Италия кубогы иегері атанды.
2001 жылы жазда "Интерге" ауысып, карьерасының қалған бөлігін осы милундық клубта өткізді. 2005 жылы "Интерге" Жулио Сезар келіп, негізгі құрамнан сырт қалып жүрді, соған қарамастан клубтан 2010 жылға дейін кеткен жоқ. "Интер" сапында мүмкін болған жүлделердің бәріне қол жеткізді.
Ұлттық құрама сапында 1996 жылы Еуропа чемпионатына, 1998 жылы әлем чемпионатына барғанымен, Джанлука Пальюканың көлеңкесінде қалды. Тек 2000 жылғы Еуропа біріншілігіне негізгі қақпашы ретінде барды. Тольдо чемпионатты өте жақсы өткізді, әсіресе жартылай финалдағы Нидерланд құрамасымен ойындағы шеберлігі жанкүйерлер есінен күні бүгінге дейін кеткен жоқ. Матч барысында бір пенальтиді, матчтан соңғы серияда екі соққыны қайтарып, Италияны финалға алып шықты.
2002 жылғы әлем чемпионаты мен 2004 жылғы Еуропа чемпионатында Джанлуиджи Буффон негізгі құрамды бермеді, 2004 жылғы турнирден соң құрамамен қош айтысты.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.