Формал логика
From Wikipedia, the free encyclopedia
Формал логика (ағылш. Formal logic) — ойлау қисындары мен үлгілерін, ұғымды, пайымдауды, ойтүйіндерді, дәлелдеуді логикалық құрылымдық жақтан, яғни ойдың нақты мазмұнына мән бермей және осы мазмұн бөліктері байланысының тек жалпы тәсілін жіктей отырып зерттейтін ғылым. Ол Бейформал логикаға қарама-қайшы.
Формал логиканың негізгі мақсаты – ақтық білімді алу процесінде ақиқат қорытындыларға жетудің қажетті шарты болып табылатын заңдарды, принциптерді тұжырымдау.
Формал логика силлогизмді талдаған Аристотель еңбектерінен бастау алады.
Формал логиканың одан әрі дамуына ертедегі стоиктер, ортағасырда – схоластар (Петр Испанский, Дунс Скот, Оккам, т.б.), жаңа заманда – Лейбниц үлес қосты.
Математикалық логика пікір айту мен дәлелдеудің қисындық теорияларын талдай отырып, Формал логиканы логикалық зерттеулердің жаңа әдістерімен және құралдарымен байытты.[1][2]