Фикус (лат. Ficus) – тұт тұқымдасына жататын, үй гүлдерінің ішіндегі ең кең таралғаны және танымалы десек те болады. Туысында 1500-2000-ға жуық түрі болғанымен «Каучук фикусы» көп өсірілетін түрі. Сонымен қатар, «Бенджамин фикусы» және «Эластика фикусы» деген түрлерін де өсірушілер қатары көбейіп келеді. Әдемі жапырақтарына бола бұл гүлді нағыз мекеме гүлі деп айтады. Дегенмен де фикус көпшілікке ең алдымен көп күтімді қажет етпейтін «көнбістігімен» танымал болған шығар. Бүгінгі біз айтқалы отырған фикус «каучук фикусы». Каучук фикусының өзі бірнеше топқа бөлінеді. Алғашында, жасыл, жалпақ жапырақты бір түрі болса, қазіргі кезде оның сары ала, ақ ала, қызыл ала және ұсақ жапырақты, бойы аласа секілді бірнеше түрі шығарылды. Барлық түрінің күтімі бірдей. Олардың бір-бірінен айырмашылығы жапырағының түстерінде ғана.
Quick Facts Фикус, Ғылыми топтастыруы ...
Close