![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/d/df/%25D0%25A4%25D0%25B5%25D1%2580%25D0%25BC%25D0%25B0.png/640px-%25D0%25A4%25D0%25B5%25D1%2580%25D0%25BC%25D0%25B0.png&w=640&q=50)
Ферма
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ферма (фр. ferme, лат. firmus - берік):
- ауыл шаруашылық кәсіпорны. Ферма иесі не ферма шаруашылығын басқарушы адам фермер деп аталады. Сиыр, қой, жылқы, түйе фермасы, т.б. тауарлық фермалар қалыптасқан.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/d/df/%D0%A4%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0.png/320px-%D0%A4%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0.png)
- Геометриялық пішіні өзгермейтін, ұштары топсамен бекітілген бірнеше сырықтардан құрастырылған жүйе. Күш оның тек түйініне ғана түседі. Деформация кезінде түйіндер орын ауыстырады, сырықтар бір-біріне байланысты бұрылып, майыспай сол қалпында қалады. Ферманың барлық сырықтары бір жазықтықта жатса, онда оны жазық ферма деп атайды. Ферманың сырықтары тек қана созылуға немесе сығылуға жұмыс істейді.[1]
Дереккөздер
- Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |