![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c1/Cristobalite-Fayalite-40048.jpg/640px-Cristobalite-Fayalite-40048.jpg&w=640&q=50)
Фаялит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Фаялит (алғаш Азор түбегіне жақын жердегі Фаял аралынан табылған) – оқшауланған силикаттар тобына жататын минерал.
Химиялық формуласы: Fe2SіO4. Фаялит оливиннің магнезиалды түрі форстеритпен изоморфты қатар түзіп, оливиннің құрамына кіреді. Түсі жасыл, сары жасыл, қатт. Моос шкаласы бойынша 6 – 6,5, тығызд. 3,217 г/см3; ромбылық сингонияда кристалданады. Нағыз магмалық процестер барысында өте негізді және негізді тау жыныстарының құрамында түзіледі. Фаялит қызуға төзімді материал ретінде кең қолданылады.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c1/Cristobalite-Fayalite-40048.jpg/320px-Cristobalite-Fayalite-40048.jpg)