From Wikipedia, the free encyclopedia
Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (25 желтоқсан 1939 жыл – 23 қаңтар 2014 жыл) — қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996–2004).
Фариза Оңғарсынова | |
Фариза Оңғарысынова | |
Лақап аты |
Сандуғаш Адаева[1] |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Атырау облысы, Новобогат ауданы, Манаш ауылы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Мансабы |
ақын, журналист, мемлекет және қоғам қайраткері |
Жанры | |
Шығармалардың тілі |
қазақша |
Дебюті |
1939-шы жылы 25-ші желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.[2]
Байұлы тайпасы Адай руының Тәзіке атасынан шыққан.[3][4][5] Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғали (1891–1940) оқыған, елге қадірлі азамат болған. Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған кісі. Ал анасы Халима Иманғалиева (1893–1976) арабша хат танып, қазақ ауыз әдебиетін жақсы білген. Ақын қыз үйдің кенжесі, бауырларының біразы жастай қайтыс болған. Әкесі жүрегі ауырып ерте көз жұмды, ал анасы 70-ші жылдары дүниеден өткен. Бала күнінен ақындық қасиетін көрсетіп, өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең шығаратын болған. Ақынның Анвар, Алмас есімді ұлдары мен Анар, Аида есімді келіндері бар, Анеля, Алан, Анита, Ахметжан, Аслан, Алсу атты немерелері бар. Сондай-ақ, ақын ерте қайтыс болған жалғыз ағасының ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірген.[6]
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958-ші жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966-шы жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.
Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1984-ші жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.