Фанера
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шере — екі не одан да көп жұқа ағаш тақтайшаларды бір-біріне беттестіріп желімдеу арқылы алынатын ағаш материал.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/07/Tower_of_Hanoi.jpeg/640px-Tower_of_Hanoi.jpeg)
Шерені жасау үшін көбіне қайың, қандыағаш, қарағай, т.б. ағаш түрлері қолданылады. Шере тақтайшаларының қалыңдығы 1 — 19 мм, ұзындығы мен ені 725 — 2440 мм шамасында болады. Шеренің арнаулы түрлеріне: бакелиттендірілген шере (суға төзімділігін арттыру үшін бакелит сіңдірілген), сәндік шере, профильденген шере (пресс-пішімде престелген) жатады.
Шере құрылыста, автомобиль, вагон, кеме, ұшақ жасауда, сондай-ақ жиһаз өндірісінде, т.б. қолданылады.[1]