Утіс
From Wikipedia, the free encyclopedia
Утіс немесе Гиламонстр (лат. Heloderma suspectum) – Бауырымен жорғалаушылар класының қабыршақтылар отрядыңын утістілер тұқымдасына жататын биологиялық түр. Америка Құрама Штатының оңтүстік-батысы мен Мексиканың солтүстігінде тіршілік етеді.
Утіс | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||
Heloderma suspectum Cope, 1869 | ||||||||||||
Subspecies | ||||||||||||
|
"Гиламонстр" (ағылш. Gila monster) - утістің ағылшынша атауы, Аризонадағы Гила өзеніне байланысы пайда болған[2]. Солтүстік Америкада екі улы кесіртке тіршілік етеді. Утіс соның бірі. Екіншісі - "мексикалық моншақты кесіртке" деп аталады.
Утіс сырт көзге түсе бермейді, сондықтан оның өмірін бақылау өте қиын. Утістің терісі - моншақ тәрізді қара, қызғылт, қызыл, оттың тіліне ұқсайтын сары сүйелшелермен қапталғандықтан, шұбар болып көрінеді. Құйрығының ашық және қара түсті жолақтар кезектесе орналасқан. Қабыршақ құрайтын бұл мүйізді моншақтар ғылымда "остеодерм" (остеодерм - омырқалы жануарлар терісінің сүйекке айналуы) деп аталады.
Ұзындығы - 60 см, оның шамамен 15-17 сантиметрі құйрығынан тұрады, салмағы - 1-2 келі. Утістер 20 жылдай өмір сүреді. Түсіп қалған тістері үнемі қайтадан өсіп шығады. Иіс сезу қабілеті өте дамыған.[3]