Успен соборы (орыс. Успенский собор) – Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші, орыс православ шіркеуі.
Успен соборы | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Статусы |
Атырау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
Түрі |
діни мекеме, діни зиярат орны |
Сәулет стилі |
қала құрылысы және сәулет |
Орналасуы |
Атырау облысы |
Мекен жайы |
Атырау қаласы |
Жөнделген уақыты |
2000 жыл |
Техникалық сипаттамасы | |
Басқа да өлшемдері |
Жалпы алаңы 230 шаршы м. |
Картада орналасуы | |
|
Атырау қаласы, Тайманов пен Гагарин көшелерінің қиылысында орналасқан. Жары тастан қаланған. Мөлшері 4500 м/куб. Жалпы алаңы 230 шаршы м. Сыйымдылығы - 900 адам. Негізгі күмбезінің биіктігі 40 м. Ал басқа күмбездері – 10 м. Жіңішке.
Осы собор Қазақстанда әрекеттегі ең ежелгі ғибадатханалардың ішіне кіреді және республикалық маңызындағы сәулет өнерінің ескерткіштер тізіміне қосылған.
Успен соборы Атырауда (ол кезде Гурьев) Ф. Тудаков есімді көпес пен оның әйелінің қаражатына салынған. Құрылыс 10 жылға созылып, 1888 жылы пайдалануға берілген[1].
Собор ғимараты сол кезге лайық болған жалған орыс стилінде салынып, ежелгі орыс пен орыс сәулет өнер дәстүрлерінің, сонымен қатар олармен бірге орайластыратын византиялық сәулет өнерінің элементтерінің синтезін көрсетеді. Әйткенмен, 19 ғасырда сол үлгімен салынған көптеген ғибадатханалардан ерекшеленетіні - Успен соборы ғимараттың жалпы құрылысының әлдебір қарапайымдылығы мен жеңілдігі сай болатын ерекше жергілікті сәулет мектебі болып табылады.
Ф. Тудаковтың байлығына байланысты қызықты аңыз бар. Оған сәйкес саудагердің әкесі Иван Тудаков көптеген орыс-түрік соғыстардың біріне қатысты. Дәл орыстар жеңген ірі ұрыстардың бірінен кейін ол соғыстан бай адам болып оралды. Аңыз бойынша байлығының көбісін Қара теңіз суына кеткен алтынды тасымалдаған түрік кемесін тауып, алды. Кейін оның ұлы Ф. Тудаков сауданы сәтті жүргізіп, кәсіпшілікке ие болып, әкесінің мүлкін арттыра түсті.
Құрылыс пен жарықтандырудан кейін Успен соборы Гурьев (Атырау) қаласының орталық ғибадатханасы болды, бірақ төңкерістен кейін собор жабылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО-да дінге қатысты мемлекеттің саясаты жұмсарды, елдің барлық түкпірлерінде ғибадатханалар ашылып, қайта салынды. Успен соборы КСРО-да ашылған ғибадатханалардың алғашқы 10000 кірді, кейін ғибадатхананың діни маңызы өсіп, оған екінші Кафедралы собордың мәртебесіне ие болды. Жүз жылдан артық уақыт бойы соборда маңызды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген және ғимарат құлдырап кеткен.
2000 жылы Атырау облысының әкімі И. Н. Тасмағамбетовтың бұйрығы бойынша Успен соборы толығымен қайта салынды. Негізгі ғимараттың іргетасын күшейту бойынша үлкен жұмыс жасалған, собордың қасбеті мен күмбезі қайта салынды. Қалпына келтіру жұмыстардың зор ауқымына қарамастан, мамандар сәулет ескерткішінің тарихи бейнесін толығымен сақтай алды.[2]
Бүгінде Қасиетті Успения шіркеуі – Атыраудағы ең үлкен және өзіндік ерекше ғимараттардың бірі. Мұнда қасиетті мәскеулік Тихон Патриархтың, Қасиетті Дивеев монахиняларының, қасиетті Алматылық Николай митрополиттің мүрделері; сонымен қатар аса қадірлі иконалар - "Құдай- Ана Успения", "Құдай-Ана Тихвиндік иконасы", "қасиетті Алматылық Николай митрополиттің иконасы" сақтаулы.[3]
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.