Университет
жоғарғы оқу орны / From Wikipedia, the free encyclopedia
Университет (лат. unіversіtas – жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы Университет XII ғ-да Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш Университет – Мәскеу университеті (1755), байырғы Университеттерге Львов (1661, алғашында поляк королі академия ретінде құрған), Тарту (1802), Вильнюс (1803), Қазан (1804), Харьков (1805), Санкт-Петербург (1819), Киев (1834) университеттері жатады. Орталық Азияда 1920 ж. Түркістан мемлекеттік университеті (кейін Орта Азия университеті), ҚазМУ (1934, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемлекеттік университеті (1972) ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және жекеменшік Университеттер бар.