Гарвей (Harvey) Уильям (1578-1657 ж.ж.) — қазіргі кездегі физиология мен эмбриология ғылымдарының негізін қалаған ағылшын дәрігері.

Thumb
Гарвей Уильям

Жұмыстары

Гарвей 1628 жылы жарық көрген "Жануарлар жүрегі мен қанның қозғалысы туралы анатомиялық зерттеу" атты еңбегінде жануарлар организмі қанайналымы жүйесінде үлкен қанайналым шеңберінің болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеп, ірі қан тамырлары — артериялар мен веналардың арасында, оларды өзара байланыстыратын тым жіңішке қан тамырларының болатындығы туралы болжам айтып, қанайналым ілімі туралы дұрыс ғылыми тұжырым жасаған.

У. Гарвей 1651 жылы шыққан "Жануарлардың пайда болуы" деген еңбегінде "Omne vivum ex ovo", яғни "Барлық тіршілік тек жұмыртқадан" деген өз тұжырымын айтып, морфологияның эмбриология саласының қалыптасуына атсалысты.

1633 жылы У. Гарвей жануарлар эмбриологиясы жөніндегі ауқымды еңбегін жарыққа шығарды. Аталған ғылыми көзқарастары үшін У. Гарвей Галеннің кезінен бері қалыптасқан ғылыми тұрғыдағы замандас ғалымдар мен шіркеу қызметкерлерінен көп қудалау көрді.

Медицинаға қосқан үлесі

Уильям Гарвей - ағылшын дәрігері, анатом. Қанайналымның тұйық екенін алғаш рет дұрыс түсіндірген. Үлкен қанайналым шеңберінің болатынын ашқан ғалым. Ол физиология ғылымының негізін салушы ғалым. [1] [2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.