америкалық актер From Wikipedia, the free encyclopedia
Уи́льям Джеймс Дефо́ (ағылш. William James Dafoe, лақап аты Уи́ллем Дефо, ағылш. Willem Dafoe, [ˈwəɫːəm dəˈfoʊ], 22 шілде 1955 жыл, Аплтон, Висконсин) — америкалық актёр, түрлі марапаттардың, соның ішінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясындағы Вольпи кубогының, сондай-ақ төрт Оскар сыйлығының, BAFTA сыйлығының, үш «Алтын глобус» сыйлығының және төрт киноактёр гильдиясы сыйлығы номинацияларының иегері. Ол жоғары бюджеттік блокбастерлерде де, артхаус жобаларында да ойнайтыны үшін белгілі.
Уиллем Дефо | |
ағылш. Willem Dafoe | |
Дефо 2019 жылы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1975 жылдан бері |
Марапаттары |
Сатурн (2001), Тәуелсіз рух (2001), Вольпи кубогы (2018), Алтын аю (2018) |
IMDb | |
Дефо «Өрмекші-адам» (2002) суперқаһарман фильміндегі супер зұлым Норман Осборн / Жасыл гоблин рөлі үшін көбірек назар алды, ол «Өрмекші-адам 2» (2004) және «Өрмекші-адам 3» (2007) сиквелдерінде және Marvel кинематографиялық әлемінің Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ (2021) фильмінде рөліне «оралды». Ол сонымен қатар Кеңейтілген DC Ғаламы фильмінде «Аквамен» (2018) және Зак Снайдердің Әділет Лигасы (2021) фильмдерінде Нуидис Вулко кейіпкерінің рөлін сомдаған.
Уильям Джеймс Дефо 1955 жылдың 22 шілдесінде Висконсин штатындағы Апплтон қаласында[1] Мюриэль Изабельдің (туған тегі Сприслер; 1922–2012) және доктор Уильям Альфред Дефоның (1917–2014) отбасында дүниеге келді.[2][3] Отбасы жайлы 2009 жылы ол «Мені бес әпкем өсірді, себебі әкем хирург, анам медбике болды және олар бірге жұмыс істеді, сондықтан мен екеуін де көп көре бермедім» деген еді.[4] Оның ағасы Дональд Дефо — хирург және зерттеуші ғалым.[5] Оның тегі Дефо — швейцариялық Thevou (Тэву) фамилиясының ағылшынша нұсқасы. Сұхбат кезінде ол отбасының жартысы фамилиясын айтқанда екпінді бірінші буынына берсе (Де́фо), екінші жартысы екінші буынға екпін беретінін айтты. Жоғарғы сынып оқушысы болғанда Уиллем лақап атын алды. Кейінірек ол сол лақап атын өзінің сахналық есімінің бөлігі ретінде қабылдады, себебі ретінде туған есімінен гөрі оған көбірек үйреніп қалғанын өзі айтып кетті.[6]
Мектептен кейін Уиллем Милуокидағы Висконсин университетінде драма оқуын бастады,[7] бірақ он сегіз айдан кейін ол жерден кетіп, Милуокидағы Theatre X театр компаниясына жұмысын бастады. 1976 жылы ол Нью-Йорк қаласына көшті.[8] Содан кейін ол «The Performance Group» авангардтық театр труппасының директоры Ричард Шехнердің қол астында шәкірт болды, сол жерде режиссер Элизабет ЛеКомптемен танысып, онымен романтикалық қарым-қатынаста болды. Шехнер мен топтан тыс жерде өз туындыларын қоя бастағаннан кейін басқа мүшелер арасындағы шиеленістерден кейін Шехнер топ құрамынан кетіп қалды, ал қалған мүшелер (соның ішінде ЛеКомпте мен оның бұрынғы жігіті Спалдинг Грей) өздерін Wooster Group деп атады. Көп ұзамай Дефо жаңа компанияға қосылды және оның құрылтайшыларының бірі ретінде есептелді.[8] Ол өзін Голливуд киножұлдызы ретінде танытқаннан кейін 2000 жылдарға дейін топпен жұмысын жалғастырды.[9]
Дефо тұңғыш рөлін 1980 жылы, Жұмақ қақпасы фильмінде аталмай қалған кейіпкерді сомдаған. Дефо бар сценаларды кейін фильмнен алып тастаған. Дефоның сақталған тұңғыш рөлі Кэтрин Бигелоудың «Махаббатсыз» фильмінде бар, ол жерде ол байкерлер тобының басшысы рөлін сомдаған еді. Дефоны дүние жүзінде танымал қылған фильм — «Взвод» (1986). Фильм сол жылдың үздік фильмі атанды және Дефо Оскар марапатына тұңғыш номинациясын алды. 1988 жылы Дефо мансабындағы басты рөлдерінің бірін сомдады – актёр Мартин Скорсезенің «Мәсихтің соңғы азғыруы» даулы драмасында Иса Мәсих рөлін сомдады. Сондай-ақ 1989 жылы Дефо Тим Бёртонның Бэтменіндегі Джокер рөлі үшін қарастырылды. «Бэтмен» сценаристі Сэм Хэмм: «Дефо — Джокер рөлін ойнау үшін туған кісі» деп атап өтті. Бірақ рөл әлі де Джек Николсонға берілді.
1980 жылдардың аяғында және 1990 жылдардың бірінші жартысында Дефоны басты рөлдерде де, қосалқы рөлдерде де көруге болады. Ол Алан Паркер, Дэвид Линч, Вим Вендерс сияқты режиссерлермен жұмыс істеген. 1996 жылы ол Энтони Мингелламен бірге «Ағылшын емделушісі» фильмінде ойнады. Майкл Ондатже романының бейімделуі дүниежүзілік кассада 200 миллион доллардан астам табыс тауып, тоғыз «Оскар» жүлдесін жеңіп алды.
2001 жылы актёр екінші рет «Оскар» номинациясын алды, бұл жолы Э.Элиас Меридждің «Вампирдің көлеңкесі» фильміндегі Макс Шрек рөлі үшін. Дафо сонымен қатар «Алтын глобусқа» ұсынылып, Сатурн, Фантаспорту және Тәуелсіз рух марапаттарын алды. Осы фильмде Дефоны көрген продюсерлер оны Өрмекші-адам (2002) фильміндегі басты зұлым кейіпкердің орнына шақырды. Жасыл гоблин рөлі актёрдің «визиттік карталарының» біріне айналды. Өрмекші-адамнан кейін актёр ірі студиялық жобалар мен тәуелсіз фильмдер, сондай-ақ экранда анда-санда көрінетін басты рөлдер арасында ауысуды жалғастырды.
«Флорида жобасы» (2017) фильміндегі рөлі үшін Дефо «Басты рөлден басқа рөлдегі үздік актёр» номинациясында Оскар сыйлығына ұсынылды. Сондай-ақ, 2017 жылы Агата Кристидің аттас романы бойынша түсірілген «Шығыс экспресстегі өлтірушілік» фильмінде Дефо пойыздағы жолаушылардың бірі, профессор Герхард Хардманның рөлін сомдаған.
Уиллем Дефоның театр директоры Элизабет ЛеКомптеден туған Джек (1982 жылы туған) ұлы бар. ЛеКомптемен Дефо некесіз 27 жыл бірге өмір сүрді. Онымен бірге Дефо әйгілі «The Wooster Group» труппасының негізін қалады.
2005 жылдан бері Дефо италиялық актриса және режиссёр Джиада Колаграндеге (1975 жылы туған) үйленді. Америкалықтан басқа Дефоның италиялқ азаматтығы да бар. Италияда тұрғандығынан «кішкене италияша сөйлейді».
Дефо — пескетарианшы, жануар ұстайтын фермалар «ғаламшардың жойылуына әкеліп жатқан себептердің бірі» етіп санайды және сол себептен ет жемейді.[11] Дефо күнделікті аштанга-виньяса-йогамен айналысады.[12]
Жылы | Атауы | Рөлі | Қосымша |
---|---|---|---|
1980 | Жұмақ қақпасы Heaven's Gate |
Уилли | Фильм жазуында жазылмаған |
1981 | Махаббатсыз The Loveless |
Вэнс | |
Ақ жалған White Lies |
Қысқа фильм | ||
1983 | Аштық The Hunger |
Телефон күркесіндегі екінші жас жігіт | |
1984 | Шайқап жіберу Shackin' Up |
Жігіт[13] | |
Жалынды көшелер Streets of Fire |
Рэйвен | ||
1985 | 66-шосседегі асхана Roadhouse 66 |
Джонни Харт | |
О, Панама O Panama |
Қысқа фильм | ||
Лос-Анджелесте өмір сүріп, өлу To Live and Die in L.A. |
Эрик Мастерс | ||
1986 | Взвод Platoon |
Сержант Элиас Гродин | |
1987 | Құрметті Америка: Вьетнамнан үйге хаттар Dear America: Letters Home from Vietnam |
Элефант Грасс | Дыбыстама Деректі фильм |
1988 | Шексіз Off Limits |
Бак Макгрифф | |
Мәсихтің соңғы азғыруы The Last Temptation of Christ |
Иса Мәсих | ||
Жалындағы Миссисипи Mississippi Burning |
ФТБ агенті Әлан Уорд | ||
1989 | Рух салтанаты Triumph of the Spirit |
Саламо Арух | |
Төртінші шілдеде туған Born on the Fourth of July |
Чарли | ||
1990 | Жылауық Cry-Baby |
Жексұрын күзетші | Камео |
Жүрегімен жабайы Wild at Heart |
Бобби Перу | ||
1991 | Интрудер ұшуы Flight of the Intruder |
Лейтенант коммандир Вирджил Коул | |
1992 | Сергек ұйқы Light Sleeper |
Джон ЛеТур | |
Ақ құмдар White Sands |
Рэй Долезал | ||
Айғақ болған дене Body of Evidence |
Фрэну Дулани | ||
1993 | Қандай алыс, қандай жақын! Faraway, So Close! |
Эмит Флести | |
1994 | Том мен Вив Tom & Viv |
Т.С. Элиот | |
Тікелей, анық қауіп Clear and Present Danger |
Джон Кларк | ||
Түн және сәт The Night and the Moment |
Жазушы | ||
1996 | Жеңіс Victory |
Аксель Хэйст | |
Баския Basquiat |
Электрші | Камео | |
Ағылшын емделушісі The English Patient |
Дэвид Караваджио | ||
1997 | Жылдамдық 2: Круизге жауапты Speed 2: Cruise Control |
Джон Гайгер | |
Қайғы Affliction |
Ролфи Уайтхаус | ||
1998 | Көпірдегі Лулу Lulu on the Bridge |
Доктор Фан Хорн | |
«Жаңа қызғалдақ» қонақүйі New Rose Hotel |
X | Продюсерлердің бірі болды | |
1999 | Экзистенция Existenz |
Gas | |
Бундок әулиелері The Boondock Saints |
Пол Смэкер | ||
2000 | Америкалық есалаң American Psycho |
Дональд Кимболл | |
Хайуан зауыты Animal Factory |
Өрл Коупен | ||
Вампирдің көлеңкесі Shadow of the Vampire |
Макс Шрек / Граф Орлок | ||
Буллфайтер Bullfighter |
Рамирез атай | ||
2001 | Әйелдер павильоны Pavilion of Women |
Андрэ атай | |
Өлім жүздері Edges of the Lord |
Дін қызметшісі | ||
2002 | Өрмекші-адам Spider-Man |
Норман Осборн / Жасыл гоблин | |
Глоубс аңшылары Globehunters |
Аңшы (дыбыстама) | Телевизия фильмі | |
Автофокус Auto Focus |
Джон Хенри Карпентер | ||
2003 | Немоны іздеу Finding Nemo |
Гилл | Дыбыстама |
Бір күні Мексикада Once Upon a Time in Mexico |
Армандо Бариё | ||
Өш алу күні The Reckoning |
Мартин | ||
2004 | Есе алу The Clearing |
Арнольд Мәк | |
Өрмекші-адам 2 Spider-Man 2 |
Норман Осборн / Жасыл гоблин | Камео | |
Стив Зиссумен бірге су асты өмірі The Life Aquatic with Steve Zissou |
Klaus Daimler | ||
Бақылау Control |
Доктор Майкл Коуплэнд | ||
Дайын нұсқа: Жұмақ қақпасының жасалуы және жойылуы Final Cut: The Making and Unmaking of Heaven's Gate |
Баяндаушы | Дыбыстама Деректі фильм | |
Авиатор The Aviator |
Рональд Суит | Камео | |
2005 | XXX 2: Жаңа деңгей XXX: State of the Union |
Генерал Джордж Декерт | |
Мандерлей Manderlay |
Грэйстің әкесі | ||
Оның атау алғанынан бұрын Before It Had a Name |
Лесли | Режиссёрлердің бірі болды | |
Мистер Риплидің оралуы Ripley Under Ground |
Нил Мүрчисон | ||
2006 | Америкалық арман American Dreamz |
Штаб басшысы | |
Ұсталмаған — ұры емес Inside Man |
Капитан Джон Дэриус | ||
Париж, мен сені жақсы көремін фр. Paris, je t'aime |
Ле Ковбой | ||
2007 | Ханымдардың қарауылы The Walker |
Ларри Локнер | |
Мистер Бин демалыста Mr. Bean's Holiday |
Карсон Клэй | ||
Өрмекші-адам 3 Spider-Man 3 |
Норман Осборн / Жасыл гоблин | Камео | |
Жертеңіз аңыздары жапон. ゲド戦記 Tales from Earthsea |
Коб | Анименың ағылшынтілді дубляжы | |
Стриптиз-клуб ертегілері Go Go Tales |
Рэй Руби | ||
Процедура The Procedure |
Кристофер | Қысқа фильм | |
Анаморф Anamorph |
Стэн Обри | ||
2008 | Саябақтағы жарық қоңыздар Fireflies in the Garden |
Чарльз Тэйлор | |
Тірілген Адэм Adam Resurrected |
Коммандир Кляйн | ||
Уақыт шаңы гр. Η Σκόνη του Χρόνου The Dust of Time |
Эй | ||
2009 | Антихрист Antichrist |
Ол[14] | |
Фаруэлл ісі фр. L'affaire Farewell Farewell |
Фийни | ||
Ұлым, ұлым, не істегенсің? My Son, My Son, What Have Ye Done? |
Детектив Хэйвенхурст | ||
Жарық жауынгерлері Daybreakers |
Лаянель 'Элвис' Кормәк | ||
Теңдессіз Фокс мырза Fantastic Mr. Fox |
Егеуқұйрық | Дыбыстама | |
Бір вампир әңгімесі Cirque du Freak: The Vampire's Assistant |
Гәвнер Пүрэл | ||
2010 | Мираль Miral |
Эдди | |
Әйел A Woman |
Макс Оливер | ||
2011 | 4:44. Жердегі соңғы күн 4:44 Last Day on Earth |
Сиско | |
Аңшы The Hunter |
Мартин Дэйвид | ||
2012 | Джон Картер John Carter |
Тарс Таркас | Қозғалыс тартып алу технологиясы |
Ертең сен жоқ болдың Tomorrow You're Gone |
Будда | ||
2013 | Оғаш Томас Odd Thomas |
Уайатт Портер | |
Норманды құтқару Saving Norman |
Лаянэль Римбрук | Қысқа фильм | |
Күлміс адам The Smile Man |
Уиллем | ||
Махаббат тәртібі Love's Routine |
Барри | ||
Аптаптан Out of the Furnace |
Джон Петти | ||
Ерсек Nymphomaniac |
Эл | ||
Бенаки музейі The Benaki Museum |
Антонис Бенакис | Дыбыстама Қысқа фильм | |
2014 | Ең қауіпті адам A Most Wanted Man |
Томми Бру | |
Гранд Будапешт қонақ үйі The Grand Budapest Hotel |
Джоплинг, жалдамалы кісі өлтірушісі | ||
Айқаспалы атыс Bad Country |
Бад Картер | ||
Жұлдыздар кінәлі The Fault in Our Stars |
Питер ван Хутен | ||
Пазолини Pasolini |
Пьер Паоло Пазолини | ||
Джон Уик John Wick |
Маркус | ||
2015 | Менің хинди досым порт. Meu amigo hindu My Hindu Friend |
Диего Фэрман[15] | |
2016 | Әке итал. Padre Padre |
Джэймс Вердун | |
Үзілімді байқаңыз Mind the Gap |
Өзі | Қысқа фильм | |
Ит итті де жейді Dog Eat Dog |
'Жынды төбет' | ||
Дорині іздеу Finding Dory |
Гилл | Дыбыстама камеосы | |
Отағасы A Family Man |
Эд Быләкбіридж | ||
Скульпт Sculpt |
Адам | ||
Ұлы қорған The Great Wall |
Баллард | ||
2017 | Есектер актёр бола ма? Do Donkeys Act? |
Баяндаушы | Дыбыстама Деректі фильм |
Флорида жобасы The Florida Project |
Бобби | ||
Жеті әпке сыры What Happened to Monday |
Теренс Сэтмен | ||
Тау Mountain |
Баяндаушы | Дыбыстама Деректі фильм | |
Өлім дәптері Death Note |
Рюк | Дыбыстама | |
Шығыс экспресстегі өлтірушілік Murder on the Orient Express |
Герхард Хардман | ||
Опус Зиро Opus Zero |
Пол | ||
2018 | Ван Гог. Мәңгіліктің қақпасында At Eternity's Gate |
Винсент ван Гог | |
Люкс даусы Vox Lux |
Баяндаушы | Дыбыстама | |
Аквамен Aquaman |
Нуидис Вулко | ||
2019 | Қауырсын құстары Birds of a Feather |
Ивс | Дыбыстама |
Шамшырақ The Lighthouse |
Томас Уэйк | ||
Томмасо Tommaso |
Томмасо | ||
Бабенко: Маған мен өлгенде айтшы порт. Babenco: Alguém Tem que Ouvir o Coração e Dizer Parou Babenco: Tell Me When I Die |
Өзі | Деректі фильм, продюсерлердің бірі болды | |
Жетімдер Бруклині Motherless Brooklyn |
Пол Рэндольф | ||
Того Togo |
Леонард Сеппала | ||
2020 | Ол қаламаған зат The Last Thing He Wanted |
Дик Макмэн | |
Сібір Siberia |
Клинт | ||
Спортшы өмірі Sportin' Life |
Өзі | Деректі фильм | |
2021 | Зак Снайдердің Әділет Лигасы Zack Snyder's Justice League |
Нуидис Вулко | Әділет Лигасы (2017) фильмінің толық, жоспарланған нұсқасы |
Француз хабаршысы The French Dispatch |
Абакус Альберт | ||
Суық болған есе алу The Card Counter |
Майор Джон Гордо | ||
Жаман түстер саяжолы Nightmare Alley |
Клем Хоутли | ||
Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ Spider-Man: No Way Home |
Норман Осборн / Жасыл гоблин | ||
Өзен River |
Баяндаушы | Дыбыстама Деректі фильм | |
2022 | Варяг The Northman |
ақымақ Хаймир | |
Доллар үшін өлу Dead for a Dollar |
Джо Криббенс | ||
2023 | Ішінде Inside |
Немо | |
Астероид қаласы Asteroid City |
Зальцбург Кайтэль | ||
Байғұс жандар Poor Things |
Доктор Годуин Бакстер | ||
Асыға күткен таңсәрі итал. Finalmente l'alba Finally Dawn |
Руфус Приори | ||
Үй жануарлары дүкенінің күндері Pet Shop Days |
Фрэнсис | [16] | |
Гонзо-қыз Gonzo Girl |
Уокер Рид | ||
Ұл мен құс The Boy and the Heron |
Мейірбан бірқазан[17] | Ағылшынтілді дубляж |
Жыл | Атауы | Рөлі | Қосымша ақпарат |
---|---|---|---|
1986 | Жаяу жолаушы The Hitchhiker |
Джэффри Хант | "Елес-Жазушы" эпизоды |
1991 | Джонмен бірге балық аулау Fishing with John |
Өзі | "Солтүстік Мэйнде мұз арқылы балық аулау" |
1997, 2014 | Симпсондар The Simpsons |
Коммандир / Мистер Лассен (дыбыстама) | 2 түрлі эпизод |
2010 | Америкалық тәжірибе American Experience |
Баяндаушы (дыбыстама) | "Тереңге: Америка, кит аулау мен дүние жүзі" эпизоды |
2017 | Шоошқалар Piigs |
Деректі фильм | |
2022 | Сатошиды іздеу Finding Satoshi[18] |
Баяндаушы (дыбыстама) | Деректі фильм |
Saturday Night Live | Өзі (камео) | "Уилл Форте/Måneskin", "Уиллем Дефо/Кэти Перри" эпизодтары | |
Патшалық The Kingdom |
Гранд Дак | 3 түрлі эпизод |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.