Уикипедия:Сыпайылық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Этикалық құлық, сыпайылық — мақалаларды өңдеу барысында ұстанатын, қандай да болмасын сұрақтарды талқылауда сонымен қатар қатысушыларға пікір жазу барысында ескерілетін, Уикипедияның барлық тарауларында қабылданған құлықтың жинақталған қағидасы. Әдепке жатпайтын іс-әрекеттер, қысқаша айтқанда, кикілжің мен шиеленісті жағдайларды тудыратын тұлғаға қатысты сипатталады. Уикипедияда қабылданған құлық қағидасы, барлық қатысушылардың бір-біріне қарым-қатынас барысында әдептілік танытуды талап етеді. Бұл Уикипедиядағы маңызды қағидалардың бірі.
Мәселенің қойылуы
Бұл бет – қазақша Уикипедияның ережелері мен нұсқауларының бір бөлігі. Осында берілген ережелерге сүйеніңіз. Бетті өңдеудің алдында келісімге сәйкес өзгертулер енгізілгенін қадағалаңыз. Күмән тудыратын жағдайда форумда немесе талқылау бетіне жазып талқылаңыз. |
Бір сөзбен айтқанда: Басқа қатысушылармен араласу барысында сыпайы және инабатты болыңыз. Олардың ұсыныстарына мән беріңіз. Әдепке жатпайтын құлықтарды мадақтамаңыз. |
Лақап: УП:ЭҚ УП:СЫПАЙЫ |
---|
Уикипедия ондағы мақалаларды жақсартуға қатысқысы келетін барлық ниет білдірушілерге ашық, алайда шынында сол немесе басқа өзгерістер мақаланы «жақсартуда» жиі пікірталасқа алып келеді. Кейде мұндай пікірталастарда баға беру жағдайындағы әділетсіздіктен бас тарту едәуір қиын. Қатысушылар оларға айырықша анық дәлелді өзгерістер енгізуге талпынғанымен кейде шамадан тыс қаталдықтар айтылады. Басқа жағынан алғанда кейбір қатысушылар мәтіндері басқа «жақсартылған» мақалалармен ауыстырылса да, егер бұл ретте айтылған мақаланың мағынасы тиянақты өзгертілсе де оған сезімталдықпен қарайласады.
Тақырыптан ауытқып кеткен пікірлерге қатысты өңдеулер немесе талқылау бетінде барлық жанды байланыс түрлерін бере алмайды, сондықтан да қате түсіндірмелер жиі ұшырасады. Алайда байқаусыз айтылған тұрпайы ескертпелер, мәселенің мәнін басқа жаққа бұратын қызу талқылауларға оңай алып келуі мүмкін. Кикілжіңге кіріп кеткен қатысушылар, «қарсыласын» «жеңуді» көбірек ойлап, мақалалармен жұмыс жасауды ұмытып кетеді. Берілген қағида ұқсас жәйттерден құтылу үшін шақырылған көмек.