Уикипедия
әрбір адам үлес қоса алатын ашық онлайн энциклопедия / From Wikipedia, the free encyclopedia
Уикипедия (ағылш. Wikipedia, ХФӘ: /ˌwiːkiːˈpiːdi.ə/, не /ˌwɪkiːˈpiːdi.ə/, немесе /ˌwɪkɪˈpiːdi.ə/) — Уики технологиясының негізінде жасалған оқырмандар мен авторлар үшін тегін және ашық, көптілді, онлайн энциклопедия. Энциклопедия Уикимедиа қорының www.wikipedia.org доменінде орналасқан. Жобаның иесі және оның дамуына жауапты Уикимедиа қоры болып саналады. Жобаның атауы «уики» немесе wiki (сайт құру технологиясы) және энциклопедия сөздерінен құрылған. Қазіргі уақытта энциклопедияның 285 тілде тараулары бар. Барлық тілдердегі мақалалардың жалпы саны 35 миллионнан асты.
Уикипедия Wikipedia | |
URL | |
---|---|
Коммерциялық |
емес |
Сайттың түрі |
Желілік энциклопедия |
Тіркелу |
Міндетті емес |
Тіл(дер)і |
275 белсенді (барлығы 285) |
Сервердің орналасқан жері | |
Иесі | |
Авторы |
Джимми Уэйлс және Ларри Сэнгер |
Ашылған уақыты | |
Қазіргі статусы |
белсенді |
Уикипедия сайтына кірген кез келген тұтынушының ондағы материалдар мен тақырыптарды өзгертуге құқығы бар. Уикипедияны толықтырып, мақала жазуға қатысып отыратын тұрақты қатысушыларды «Уикипедияшылар» деп атайды.