Т-34
From Wikipedia, the free encyclopedia
Т-34 - Кеңес үкіметі шығарып, Ұлы Отан соғысы кезінде қолданылған танк. Сол кездегі ең салмағы (26,5-30,9 тонна) ауыр танк болып есептелген. 1944 Т-34-85 танкі шығарылғанға дейін ең мықты танк болып есептелген.
Т-34 танкі Калашников автоматымен бірге бұрыннан бері 20 ғасырдың брендіне айналған. Соғыс жылдары және ол аяқталғаннан соң да танктің әскери қолданысы тарихы көптеген аңыздармен, сыбыстармен және жорамалдармен толды.
Т-34 танктері 1940 жылдан бастап жаппай шығарыла бастады. Соғыс жылдары танк соғыстарының данышпандары Гудериан және басқа неміс генералдарынан көптеген мақтау сөз алған Кеңес Одағының танкі көшірме объектісіне айналды – оның негізінде неміс конструкторлары өздерінің атақты «Пантерасын» жасап шықты.
Т-34 әр уақытта әлемнің 45 елінің армия қаруының қатарына енгізілді. Оған негізделіп көптеген танктер мен өзі жүретін қондырғылар жасалды.