From Wikipedia, the free encyclopedia
Төс (ор. наковальня) — металдарды қолмен еркін соғып өңдегенде қолданылатын тұрақты ұсталық тіреуіш құрал. Бұл болаттан жасалған шомбал құйма. Әдетте ағаштан жасалған тапал тіреуге бекітіледі. Төс - ұстаның түрлі металды қыздырып немесе құрғақтай өңдейтін негізгі құралы. Төстің алдыңғы сүйірлене біткен жағы - тұмсығы, оған қарсы жағы - дүмі, үстіңгі жағы- беті, екі жақтауы - қапталы деп аталады. Төстің беті суғарылған асыл болып келеді. Тұмсығының түбінде, яғни төстің желке тұсында темір кесуге арналған жасық жері, сондай-ақ дүм жағындағы бетінде бір дөңгелек және бір төрт бұрышты тесіктері болады. Дөңгелек тесігіне салып әр түрлі кесу жұмыстары атқарылады. Ал төрт бұрышты тесікке түрлі көмекші құралдар сұғылады. Төстер қайың, қарағаш, емен сияқты қатты ағаштардан көлденең кесіліп алынған дөңбекке бекітіледі. Оны төстұғыр немесе 《мықан》 деп атайды. Мықан ағашты айналдырып, құрсаулап қояды. Темір ұстасы көбіне жұмысты тұрып істейді. Сондықтан жұмыс кезінде белі ауырмау үшін әрі балға соғуға ыңғайлы болу үшін төстің бетіне тиіп тұратындай деңгейде орнатылады. [1] [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.