From Wikipedia, the free encyclopedia
ТӨРТКҮЛТӨБЕ, ортағасырлық қалалардың немесе мекендердің қираған орны. Қазақстанда бірнеше ондаған Төрткүлтөбе белгілі. Мысалы, Қарасаман, Қарашық, Төменгі Барсхан секілді көптеген қалаларының орындары қазіргі кезде осылай аталады. Тарихи аттары белгісіз Төрткүлтөбелер де мол. Солардың бірі Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шарапкент ауылының маңындағы 8 – 12 ғасырлардың қалашығы.
Қалашықтың төртбұрышты аумағы батыста 318 м, солтүстікте 291 м, шығыста 306 м, оңтүстікте 311 м алаң. Биіктігі 7 – 8 м дуалмен айналдыра қоршалған. Қаланың солтүстік-батыс бұрышында орталық қорған бар. Оның биіктігі 11 м, аумағы 30 – 50 м. орталығы қорғанға кіретін екі қақпаның орны сақталған. Қақпаның кіре берісінде екі мұнараның, ішкі жағында бір мұнараның, шығыс жағында екі мұнараның, барлығы бес мұнараның орны сақталған. Қаланың 2-бөлігінде тұрғын үйлердің орны айқын көрінеді, ал шығысынан 150 м жерде бекіністі қорған болған. Ол айнала биіктігі 0,5 м-ден 3,5 м-ге дейін, аумағы 70х80 м топырақ дуалмен қоршалған. Қазбадан табылған ерекше заттардың қатарында әр түрлі үлгідегі боялған және боялмаған ыдыстар, тастан жасалған дән үгіткіштер, қол диірмендер, ою-өрнек пен эпиграфиялық жазулары бар тас келілер, келсаптар, астаулар, салтанатты сарайлардың ұстындары мен олардың тұғырлары бар. Оңтүстік Қазақстанның басқа қалаларында кездесе бермейтін осындай үлгідегі заттар бұл қаланың бір кезде саяси-экономикалық және мәдени орталығы болғандығын дәлелдейді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.