Тәуелсіздік даңғылы (Астана)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұрынғы атауы № 1 көше. (Жаңа әкімшілік орталық). Тәуелсіздік көшесі Қабанбай батыр даңғылын, Ақмешіт, Түркістан көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 2250,2 м.
Тәуелсіздік - мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. Тәуелсіздіктің нышандары ретінде мемлекеттің әлемдік қауымдастық мойындаған аумағының болуын, сол аумақты басқаратын мемлекет билігінің болуын, елдікті нақыштаған әнүранының, туының және елтаңбаның болуын атауға болады. Көше Қазақстан Тәуелсіздігінің құрметіне қойылған.
Бүл көшеде ҚР Сыртқы істер министрлігі, «ШХОЗ», «Дипломат» қонақүйлері орналасқан.[1]