Тәжібаева атындағы көше (Алматы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тәжібаева атындағы көше. Көшеге Қазақстанда литопогия мен шөгінді пайдалы қазындылар жөніндегі ғылым саласының негізін қалаушы ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Патшайым Тәжібаеваның есімі (Алматы қаласы әкімінің 20.09.1999 № 860 шешімі) берілген. Тәжібаева Патшайым Тәжібайқызы (1920-1991) Түркістан облысы қазіргі Төлеби ауданында дүниеге келген. Көше Бостандық ауданында орналасқан. Егізбаев, Жандосов, Бабаев, Шмелев, Ходжанов, Байқадамов, Есқараев атындағы көшелермен қиылысады. Көшенін ұзындығы - 3950 метр.[1]