Тұтасжапырақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тұтасжапырақ[1] (Haplophyllum) – рута тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік не бұта. Қазақстанның барлық аймақтарындағы құмды, саз балшықты жерлерде, тасты шағылдардың шетінде, өзеннің кепкен салаларында, кейде егістіктердің арасында, таулардың етегіндегі тастақты беткейлерде өсетін 10 түрі бар. Жапырақтарында бөбешік жапырақшалары болмайды. Гүлдері қосжынысты, тостағанша және күлте жапырақшаларының саны 4 – 5, аталығы – 10. Жатыны көбінесе 2 – 5 ұялы, аналық мойны біреу, аузы тұтас болады. Жемісі – қорапша, сүйекше не жидек. Тұтасжапырақтың ең жиі кездесетін түрлері – жалпақжапырақты Тұтасжапырақ (Н. latіfolіum) және Бунге Тұтасжапырақы (Н. bungeі). Бұлардың биіктігі 30 – 70 см. Сабақтары тықыр, сыртын без жапқан. Жапырақтары сопақша, кейде олардың шеті бұйраланып келеді. Гүлі сары түсті, қалқанша гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жеміс салады. Тұтасжапырақтың құрамында эфир майы бар, мал үшін улы өсімдік болып саналады. Тұтасжапырақтың 2 түрі: Жоңғар Тұтасжапырақы (Н. dshungarіcum) және Евгений Коровин Тұтасжапырақы (Н. eugenіі korovіnіі) – өте сирек кездесетін эндемиктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Тұтасжапырақ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Haplophyllum linifolium subsp. rosmarinifolium
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
26 түрі белгілі |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.