![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f6/Nacentemackinac.jpg/640px-Nacentemackinac.jpg&w=640&q=50)
Тұма
бұлақтың бір түрі; қоры грунт суларымен / From Wikipedia, the free encyclopedia
Тұма - бұлақтың бір түрі; қоры грунт суларымен, жалпы алғанда арынсыз жер асты суларымен толығып отыратын су көзі; сулы қабаттың қоректену аймағынан, жоғарыдан төмен қарай, судың жер бетіне шығу бағытында қозғалатын тегеурінсіз жер асты суларының көзі.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f6/Nacentemackinac.jpg/320px-Nacentemackinac.jpg)
Өзен, көл аңғарларында, тау, шоқы, төбе, жоталардың бөктерлерінде, жер бетінің әр түрлі ойыстарында жер бетіне шығып жататын жер асты су көздері. Тұманың ағын күші болмайды, оның өнімділігі жыл бойғы жауын-шашын мөлшеріне байланысты әр түрлі. Суы тұщы, ашқылтым болып келеді. Суы мол, өнімі тұрақты тұмалар шегенделіп, суы жайылымдағы малды суаруға, ауыз суға, кейде жер суару үшін де пайдаланылады.[1] Мысалы, Алакөл маңындағы Көктұма бұлағы. Тұмаға су жоғарыдан төмен қарай сулы қабаттың қоректену ауданынан, кәріздік орынға — судың жер бетіне шығатын жеріне қарай қозғалады.[2]