From Wikipedia, the free encyclopedia
Түпнұсқа - әдеби шығарманың автор өзі жазған төлтума қолжазбасы, яғни автордың өз қолынан шыққан нұсқасы.
Қай кезде де шығарманың мәтінін зерттеуде, айқындауда ең негізгі тірек осы түпнұсқа болады. Шығарманың кейін автордың еркінен тыс өзгертілетін нұсқасы (варианты), немесе, аудармалары болуы мүмкін. Бірақ шығарманы бағалау жағынан тек алғашқы түпнұсқа (авторлық қолжазба), автордың өзі жазған нұсқасы ғана негіз бола алады. Сондықтан тұпнұсқаның маңызы ерекше. Автордың Түпнұсқа материалын басқа біреудің өзгертуіне, түзетуіне жол берілмейді. Ол үшін арнайы келісім болу керек. Түпнұсқа әр автордың өзіндік ерекшелігін сақтайтын бірден-бір туынды. Ал көркем шығарманы басқа тілге аудару жағынан қарағанда, бұл ұғым сол шығарманың аудармаға негіз болған алғашқы жазылған тілдегі нұсқасы деген мағынада қолданылады.[1]
Нақтылы автор еңбегінде жан-жақты сараланып хатталған дерек.[2]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.