Түк баданасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Түк баданасы (волосяная луковица) (bulbus pili, лат. bulbus — бадана, pilus — түк)— түк түбірінің жуандап, кеңейген төменгі бөлігі. Түк баданасы бөлінуге қабілеггі эпителиоцитгерден тұрады. Эпителиоциттер түк емізікшесіндегі қан тамырлары арқылы қоректеніп, бөліну аркылы көбейігі, мүйізді қабыршықтарға айналады да, мүйізделген түк сабағын құрайды. Түк баданасының эпителийтері ішкі түбір қынабының өсуіне де қатысады.[1]