From Wikipedia, the free encyclopedia
Түйдек - қазақ поэзиясында қолданылатын тармақтарды топтастырудың еркін түрі. Егер шумақты өлеңдерде тармақтар белгілі тәртіппен, өзіндік ретімен топтасатын болса, жырда олар еркін, әр мөлшерде алына береді. Мұнда тармақтар түйдек-түйдегімен түсіп, әр көлемде топтасып, үзынды-қысқалы синтаксистік оралымдардың ыңғайымен әрқалай топтаса береді. Кейде жырды шұбыртпалы деп атайтыны сондықтан. Алайда, жыр әйтеуір созылып, шұбатыла бермейді. Әр жерден бір қайырылып, тармақтар тобы синтаксистік оралым (пернод) көлемінде тиянакталып одан әрі басқаша топтасып отырады. Түйдек көлемінде көптеген тармақтарды біркелкі үйлестіретін желілі ұйқас қолданылады. Ал қатар тұрған. жақын тармақтар қосымша жанама ұйқасты көп рет еселеп қайталап, бір ойды ұзақ дамытып, сөйлемдерді тізбектеп созып әкетуге ерекше лайық. Сондықтан оны өлеңді ағылтегіл айтатын суырыпсалма ақындар көп қолданған. Жыр өлшемі, түйдек үлгісі жазба поэзияда да кеңінен қолданылып келеді. Мыс., Абайдың "Жаз", "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Көжекбайға" (Бөтен елде бар болса) секілді өлеңдерін атауға болады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.