From Wikipedia, the free encyclopedia
Тьюринг тесті — 1950 жылы "Mind" журналында жарияланған "Есепетеуіш машиналар мен сана" мақаласында Алан Тьюринг ұсынған эмпирикалық тест. Тьюринг өз алдына "Mашинаның ойлау қабілеті бар ма?" деген сұрақты қойды.
Бұл тесттің стандартты түсіндірмесі келесідей: Адам бір компьтермен және басқа бір адаммен тілдеседі. Сұрақтарына берілген жауаптар негізінде ол адаммен немесе компьютерлік бағдарламамен тілдесіп жатырғанын анықтауы қажет. Компьютерлік бағдарламаның мақсаты - адамды теріс таңдау жасатып, шатастыру.
Тесттің барлық қатысушылары бір-бірін көрмейді. Егер әділқазы әңгімелесушінің қайсысы адам екенін дәл айта алмаса, бағдарлама тестті сәтті өтті деп есептелінеді. Машинаның ауызекі тілді тани білу қабілетін емес, интеллектін тесттілеу үшін әңгіме тек мәтін режимінде жүреді. Хат алмасу тек қадалаған уақыт аралығанда жүргізіледі; бұл әділ-қазы жауап беру жылдамдығы негізінде қорытынды жасамауы үшін керек шарт. Тьюринг өмір сүрген кезде компьютерлер адамға қарағанда жай жауап қайтаратын болды. Қазіргі таңда олар адаммен салыстырғанда әлдеқайда жылдам.
Жасанды интеллект саласындағы зерттеулер 1956 жылы ғана басталса да, оның философиялық бастамаларының тарихы ұзақ. Ол дуалисттік және материалдық көзқарастар айырмашылығымен тығыз байланысты. Дуализм ой материалды болып табылмайды немесе материалдық ерекшеліктері болмадйы деген пікірді ұстанады. Ал материализм сананы физикалық тұрғыда сипаттауға болады деген ойды қолдап, жасанды жолмен пайда болған сананың қалыптасуы мүмкін деп есептейді.
50 жыл өткеніне қарамастан, Тьюринг тесті өзінің өзектілігін жоғалтпады. Алайда, қазіргі таңда жасанды интеллект зерттеушілері интеллекттің негіздерін зерттеген маңыздырақ деп есептеп, Тьюринг тестін өту мәселесімен айналыспайды. Мысалы, жасанды ұшу мәселесі тек Райт ағайындары құстарға еліктеу әрекеттерін тоқтатып, аэродинамиканы зерттей бастағаннан кейін өз шешімін тапты.
Тьюринг тестінің артықшылықтарының бірі - кез келген тақырыпта әңгімелесу мүмкіндігі. Тьюринг: "Сұрақтар мен жауап беру тәсілдері біз талқылағымыз келетін адам қызығушылықтарының барлық салалары үшін үйлесімді", - деп айтты. Джон Хогеленд: "сөз мағынасын түсіну жеткілікті емес; сонымен қатар, әңгіменің тақырыбында жақсы түсінік болу қажет", - деп өз ойын қосты.
Тьюринг тестінің тағы бір артықшылығы оның қарапайымдылығына байланысты. Философтар, психологтар және замануи неврологтар интеллект және ойлау қабілетіне дәл анықтама бере алмай, олардың машиналарға қолданылу мүмкіндігі жөнінде дәл ештеңе айта алмайды. Осындай анықтамасыз философияның жасанды интеллект туралы сұрақтарына жауап беріле алмайды. Тьюринг тесті мінсіз болмаса да, ең болмаса өлшеуге болатын нәтиже ұсынып, күрделі философиялық мәселердің прагматикалық шешімі болып табылады.
Машинаның саналығы емес, адамға еліктеу қабілеті тексеріледі. Тест машина интеллектін екі себепке байланысты бағалай алмайды:
Тағы бір кемшілікке тесттің тәжірибеде қолданылмауы жатады. Яғни,антропоцентризмге байланысты тест саналы машиналарды жасауда пайдалы болмайды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.