From Wikipedia, the free encyclopedia
1954 ж. тың игеру басталды. Қазақстанға күллі КСРО-дан құрылыс материалдарымен, жиналатын үйлерімен, ауылшаруашылық техникаларымен, жылжымалы электростанцияларымен, жүк автокөлігімен эшелондар ағыла бастады. Тың игеруге механизатор, диканшылармен қоса мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер келді, сол арқылы ауылдың мәдени деңгейі біршама көтерілді. 1954-1956 ж. павлодарлықтар екі миллоннан астам гектар жаңа жерді игерді, жалпы егу ауданын 1953 ж. салыстырғанда төрт есеге кеңейтті, ал егін жнау көлемі сегіз есеге дейін өсті. Осы жылдары жаңа техника арқылы 32 жаңа бидай совхоздары мен 8 МТС құрылып, жаңа техникамен жабдықталды. Бауырлас елдер мен облыстардан мемлекет есебінен Павлодар облысына тұрақты тұруға 50 мың тұрғындар жіберілді. Облыс ауылшаруашылығын қамту үшін сан мыңдаған трактор, комбаин, жүкті автомобиль, алуан түрлі ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтары берілді. Егін аудандырының кеңеюі мен егіннің мол шығуы колхоздар мен совхоздардың экономикасын біршама көтерді, еңбек етушілердің өмір сүру деңгейі де көтерілді. 1954 жылы 143 колхоздар миллионер болды десек те жеткілікті, тың геруді жаңа бастаған кезде олардың саны небары 17 болды. Осылайша, тың және тыңайған жерлерді игеру Павлодар облысын Қазақстандағы ғана емес, Кеңес Одағындағы ірі бдай шаруашлығы орталығына айналдырды.[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.