![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/77/Flag_of_Tuva.svg/langkk-640px-Flag_of_Tuva.svg.png&w=640&q=50)
Тыва
Ресей Федерациясын құратын республикалар / From Wikipedia, the free encyclopedia
Тыва Республикасы (тыв. Тыва Республика; орыс. Республика Тыва) — Ресей федерациясының құрамындағы субъект, Тываның конституциясы (ата заңы) бойынша — Ресей Федерациясымен біріктірілген демократикалық-құқықтық мемлекет, Шығыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқан.
Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Тыва (Тыуа) Республикасы | |||||
| |||||
Елордасы |
Қызыл | ||||
21-ші | |||||
Барлығы |
168 604 км² | ||||
77-ші | |||||
Барлығы |
▲310 460 (2013) 1.84 адам/км² | ||||
ЖАӨ |
80-ші | ||||
Барлығы, ағым. баға |
30,6 млрд руб. (2010) 78,0 мың руб. | ||||
Сібір | |||||
Шығыс Сібір | |||||
тываша, орысша | |||||
Үкімет басшысы |
Шолбан Кара-оол | ||||
Тыва Республикасының |
Кан-оол Даваа | ||||
РФ субъектісінің коды |
17 | ||||
ISO 3166-2 бойынша коды |
RU-TY | ||||
MSK+4 (UTC+8) |
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/24/Tuva_republic_map.png/640px-Tuva_republic_map.png)
Жер аумағы 170,5 мың км². 17 ауданнан, 2 қаладан тұрады. Халқы 310 мың адам (2003). Негізгі халық тывалар 198,4 мың (64,3%), оған қоса орыстар 98,8 мың (32%), хақастар, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы – Қызыл қаласы. 2001 ж. 6 мамырда қабылданған конституциясы бойынша Тыва федеративті шарт негізінде өзін-өзі басқаратын субъект. Республиканы халық сайлауы негізінде билікке келетін үкімет төрағасы басқарады. Жоғары заң шығарушы орган – 2 палаталы Жоғарғы Хурал. Жергілікті басқару мекемелері Ресей Федерациясы конституциясы негізінде құрылған. Іс қағаздары тыва және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тыва шығыста және оңтүстікте Моңғолиямен, солтүстікте Красноярск өлкесімен, солтүстік-батыста Хақасиямен, солтүстік-шығыста Бурятиямен және Иркутск облысымен, батысында Алтай Республикасымен шектеседі.
Көлемі — 168,6 мың наршы шақырым (км²), Ресей құрамындағы жер көлемі бойынша 24-ші субъект .
Халық саны — 308,5 мың адам (2006), халық тығыздығы — 1,8 адам/1 км² (2006). Қаладағы халықтың саны: 51,5% (2006).
Халқының ұлттар бойынша құрылымы:
Ата заң — Тыва Республикасының конституциясы