From Wikipedia, the free encyclopedia
Турбовинтті қозғалтқыш – негізгі тарту күшін ауа винті, ал қосымша тарту күшін (8 – 12%) реактивті соплодан шығатын газ ағыны тудыратын авиациялық газ турбиналық қозғалтқыш. Ол дыбыс жылдамдығына дейінгі жылдамдықпен ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарда пайдаланылады. Ұшақтың ұшуы кезінде атмосферадағы ауа Турбовинтті қозғалтқышқа келіп, ауа іріктеуіште, содан кейін турбокомпрессорда сығылады. Сығылған ауа жану камерасына беріледі де сұйық химиялық отынмен (авиац. жанармай) араластырылады. Отынның жануы кезінде түзілген газ компрессор мен ауа винтін айналдыратын турбина ішінде, бұдан кейін соплода ұлғаяды. Турбокомпрессор роторы мен ауа винтінің айналу жылдамдығын бір-біріне үйлестіру үшін немесе айналу моментін винтке беру үшін (тікұшақтарда) редуктор пайдаланылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.