From Wikipedia, the free encyclopedia
Туннельдік эффект, туннельдену — микробөлшектің толық энергиясы (туннелдену барысында өзгермейтін) бөгет биіктігінен төмен болған жағдайда оның потенциалдық тосқауылдан өтуі. Туннельдік эффект — классикалық механикада болуы мүмкін емес және толық қайшылық тудыратын, тек қана кванттық табиғатқа ие құбылыс.Толқындық оптикада туннельді эффекттің аналогы ретінде, геометриялық оптика тұрғысынан, толық ішкі шағылу болатын шарттарда, жарық толқындарының шағылу ортасына (жарық толқын ұзындығының шамасындағы ара қашықтығына) өтуі бола алады. Туннельдену эффектісі көптеген атомдық және молекулалық физикадағы, атомдық ядро, қатты дене физикасындағы және т.б. маңызды үрдістер негізі болып табылады.
Туннельдік эффектті анықталмағандық қатынасы бойынша түсіндіруге болады.Келесі түрдегі:
өрнегі, координаты бойынша кванттық бөлшектің шектелуі кезінде,яғни х бойынша анықталғандығы өсуі кезінде, оның р импульсі анықталғандығы төмендейді. Кездейсоқ түрде импульс анықталмағандығы бөлшекке тосқауылдан өту мүмкіндігін жүзеге асыратын энергия қосуы мүмкін. Осылайша, белгілі бір ықтималдылықпен кванттық бөлшек тосқауылдан өтіп кетуі мүмкін, ал бөлшектің орташа энергиясы өзгеріссіз қалады.
1928 жылы Георгий Гамов туннельдік эффект негізінде альфа-ыдырау теориясын ойлап тапты. Дәл сол жылы шығарылған Фаулер — Нордгейм заңы металлдан вакуумға автоэлектрондық эмиссияны (электронның беттік тосқауылдан туннельденуі) сипаттайды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.