![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/16/Map_of_March_2012_attacks_in_Toulouse_and_Montauban%252C_and_scarlet_Vigipirate_area%252C_in_France.svg/langkk-640px-Map_of_March_2012_attacks_in_Toulouse_and_Montauban%252C_and_scarlet_Vigipirate_area%252C_in_France.svg.png&w=640&q=50)
Тулузадағы теракт (2012)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тулузадағы теракт 2012 жылы Францияның оңтүстігіндегі Тулуза және Монтобан қалаларында қару-жарақ қолдануымен болған теракт. Терактың негізгі нысаналары «Оцар ха-Тора» еврейлер мектебі және француздық әскери қызметкерлері. Теракт нәтижесінде сегіз адам қайтыс болып, төртеуі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Полиция мәліметі бойынша, қылмыскер, 23 жастағы француздық мұсылман Мұхаммед Мера, ислами Аль-Каида ұйымының мүшелерімен хабарласуды талап еткен. 30 сағаттық француздық полицейлермен ұйымдастырылған қоршаудан кейін, Мера басқа атылып, мерт болды.
Тулузадағы теракт | |
---|---|
![]() Франциядағы Тулуза және Монтобан қалаларының орналасуы | |
Шабуыл орны | ![]() |
Дата | 11 - 19 наурыз 2012 |
Шабуыл әдiсi | Атыс |
Қару-жарақ | .45 ACP |
Қаза тапқандар саны | 7 (4 азаматтық тұлға және 3 әскери қызметкер) |
Жарақаттанғандар | 4 |
Террористер | Мұхаммед Мера |
Ұйымдастырушылар |
Алғашқы шабуыл 11 наурызда болған. Онда, француздық парашютші, сержант Имад Ибн-Зятен (ол да француздық мұсылмын), Тулузадағы спортзалдарының сыртында атып өлтірілді. Екіншісі, 15 наурызда. Форма киген екі солдат, капрал Абель Ченнуф және қатардағы жауынгер Мұхамед Легоуэд, Монтобан қаласындағы сауда үйлерінің бірінде біреуі өлтіріліп, ал екіншісі ауыр жарақаттанған. Келесі шабуыл 19 наурыз күні «Оцар ха-Тора» еврейлік күндізгі мектепте болған, шабуыл нәтижесіндегде төрт адам (оның үшеуі балалар) қайтыс болған. Қылмыскер мотороллерге мініп, қылмыс орынынан қашып кетті.
Шабуыл құрбандарының көбісі еврейлер мен арабтар болғаннан кейін, алғашында полиция бұл іске неонацисттер қатысты деп ойлаған. Бірақ кейін ғана, қылмыскер Мера екені анықталды.[1]