From Wikipedia, the free encyclopedia
Труба (итал. tromba – труба) – жоғары регистрлі үрлемелі музыкалық аспап. Жезден жасалады. Жалпы тұрқы (мундштуксыз) 465 – 470 мм. Трубаны ертеде дабылшы ретінде аңшылықта, жаугершілікте, салтанатты жиын-тойларда пайдаланған. Трубаның түрлері: пикколо, альт, бас. Труба үрлемелі аспаптар оркестрінде, симфониялық оркестрде қолданылады, сондай-ақ жеке де (соло) ойналады. Тұтас ағаштан, қола я болмаса күмістен қысқа әрі түзу етіп жасалған Трубалар кезінде Ежелгі Мысырда, Ассирияда кең таралған. Осы тақылеттес музыкалық аспап ежелгі гректер мен римдіктер арасында да белгілі болды. Орта ғасырларда кезбе музыкашылар Трубада ойнап өнер көрсетіп отырған, әсіресе, олар Қайта өркендеу дәуірінде сарайларда өз өнерімен кеңінен танылды.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.