From Wikipedia, the free encyclopedia
Шұбар тоқылдақтар туысы немесе Тоқылдақтар (лат. Dendrocopos) – Тоқылдақтәріздестер отрядына жататын Тоқылдақ тұқымдастарының ақ, қара және қызыл түстердің үйлесімінде жабын қауырсындармен сипатталатын кішкене және ірі денелі тоқылдақтар туысы. Шұбар тоқылдақтар туысы отыз үш түрден тұрады. Қазақстанда солардың төртеуі кездеседі.
Шұбар тоқылдақтар туысы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Dendrocopos leucotos
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Бұлар ұяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады.[1].
Аталған тұқымдасқа жататын құстардың барлығы ағаш діңдеріндегі жәндіктерді алу үшін ағаштарды тесіп тастайтындығымен белгілі. Олар жәндіктерді өздерінің ұзын тілдерімен алады. Кішкентай тоқылдақтар мен дүпілдіктерге қарағанда тоқылдақтардың тұмсықтары ұзынырақ, үшкірірек және мықтырақ болып келеді.
Тоқылдақтар, кішкентай тоқылдақтар және дүпілдектер – бунақденелілермен, жәндіктермен және басқа да омыртқасыздармен қоректенеді. Кейбіреулері, сонымен қатар, жемістермен, шырындармен және шірнелермен де қоректенеді. Олардың ұзын тілдерін жабысқақ шырыш қаптап тұрады, соның көмегімен қоректерін ұстайды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.