Тоқмұрзин Тайжан Хамитұлы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тоқмұрзин Тайжан Хамитұлы (15 Қазан 1930 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданы Қараағаш ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1985), профессор (1994), Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының академигі (2002).
Қысқаша өмірбаяны:
1953 жылы Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
1954–1959 жылдары Орман шаруашылығында директор.
1959–1962 жылдары аспирант.
1962–2004 жылдары Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі, оқытушылық қызметтер атқарды.
Еңбектері:
1984 жылы «Организация хозяйства в защитных лесах, специализация и концентрация лесохозяйственного производства (на примере КазССР)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты орман шаруашылығының теориялық мәселелері және математикалық модельдеріне арналған. 90-нан астам ғылыми еңбегі жарық көрді. Орман шаруашылығы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігін шығарды.[1]
Дереккөздер:
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |