![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8d/Myotis_dasycneme.jpg/640px-Myotis_dasycneme.jpg&w=640&q=50)
Тоған жарқанаты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тоған жарқанаты - тегістүмсықты жарқанаттар тұқымдасының орташа денелі өкілі (денесінің ұзындығы 5-7 см, салмағы 15-22 г). Орманды даланы мекендейді, одан өзен аңғарлары арқылы далаға, тіпті шөлді аймаққа өтеді. Су қоймасы жоқ жерлерден қашқақтайды. Бұл түнгі жануар үшін күндізгі баспана - тұрғын үй шатырлары, т.б. Қараңғы түсісімен жақын маңдағы су қоймаларына жемтігін аулауға ұшады, су бетіндегі ірі түнгі көбелектерді ұстайды. Бірнеше оңдаған мыңдаған жарқанаттар бірге тіршілік ететін топтағы әрбір аналық маусымда бір ұрпақ дүниеге әкеледі. Осы пайдалы, түнгі жануарлар - көбіне ешқандай себепсіз қыратын адамдардан қорғауды қажет етеді.
Quick Facts Тоған жарқанаты, Амандық күйі ...
Тоған жарқанаты | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Сурет:Status IUCN NT.svg
Жойылу қаупіндегілер (IUCN) | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Myotis dasycneme (Boie, 1825) |
Close