ТОҒАЙБҰЛБҰЛ (Cercotrichas galactotes) бұлбұл деуге мүлде болмайтын құс.

Quick Facts Тоғайбұлбұл, Амандық күйі ...
Тоғайбұлбұл
Thumb
Амандық күйі
Thumb
Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Passeriformes
Тұқымдасы: Muscicapidae
Тегі: Cercotrichas
Түрі: C. galactotes
Екі-есімді атауы
Cercotrichas galactotes
(Конрад Якоб Темминк, 1820)
Синонимдері
  • Agrobates galactotes
  • Cercotrichas galactotes galactotes
  • Erythropygia galactotes
Close
Thumb
Cuculus canorus canorus + Cercotrichas galactotes

Биологиялық сипаттама

Көптеген мамандар оны сайрақ тұқымдастарға жалпы жатқызбай, сандуғаш тұқымдастарға жатқызып, қызғылтсарықүйрықты сандуғаш деп атайды. Бұл құстың кескіні мен қылығында сайрақ тұқымдастарға және сандуғаш тұқымдастарға тән дауыс бар. Бұл сандуғаш - бұлбұлдың сыртқы көрінісі өзіне тән және аталықтары мен аналықтарының реңі бірдей: тұмсығы жуандау және айқабақты еске түсіретіндей құйрығы едәуір ұзын құс, бірақ аяғы ұзын. Енді біреулер оның сыртқы көрінісін шыбжың тасшыбжыққа ұқсас деседі. Жоны - қызыл қошқыл реңкті сұрғылт қоңыр, бауыры ақ десе де болады, көзінің үстінде шаңқай ақ қасы болады. Сатыланған құйрығы ашық үш түске боялған: құйрық түбі - қызғылт қоңыр, ұштары - қара және ақ. Құйрықтың бұл ерекше реңі әсіресе көзге түседі, өйткені құс құйрығын жоғары жиі көтеріп, алабұлбұл немесе қызылтамақ бұлбұл сияқты желпуіш тәріздендіріп жайып жібереді.Ұялары сексеуілдердің діңіне немесе тамыр астына жасырын орналастырылады. Ұяны ата-енелер бірлесіп, тек аналығы мұнымен сиректеу шұғылданады. Салындыдағы 3-5 қоңыр теңбілді жасылдау түсті жұмыртқаларды аналық 11 - 13 күн басады. Балапандарды ата-енелер 2 аптаға жуық қоректендіреді. Бір жазда, сірә тек қана 1 рет балапан өргізетін тәрізді.

Таралуы

Африканың солтүстігінде, Алдыңғы және Орта Азияға қоныстанған. Қазақстанда бталы шөлдерде - Каспий теңізінен Балқаш қазаншұңқырына дейін айтарлықтай кең ұялайды. Бунақденелілермен қоректенеді, шегіртке тұқымдастарды жиі жейді, олардың азықтағы үлесі 74%-ға дейін жетеді. Оның сайрағаны көбінесе сайрақтың әуенін еске түсіреді. Дегенмен аталық әуенді тездетіп орындаған кезде - сандуғаш па деп қаласың, ал әуелей ұшып сайрағанда бозторғайдың шырылына ұқсайды. Қазақстанға едәуір жайырақ - сәуірдің соңына қарай ұшып келеді. Жергілікті құстар балапандарын өргізіп те үлгерген кезде олар бүкіл мамыр бойы ұшып келумен болады.Қыстауға тамыздың ортасынан бастап, қыркүйекте ұшып кетеді.[2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.