From Wikipedia, the free encyclopedia
Топан су — 1) жер асты суы деңгейінің күрт көтерілуінен немесе өзен-көлдер суының (әсіресе көктем — жаз айларында) арнасынан асып кетуінің салдарынан болатын табиғи құбылыс. Оған қарсы қолданылатын шаралардың бірі — жер асты суының деңгейін түсіру (төмендету) мақсатымен ұңғымалар бұрғылап, олардан су тарту немесе жыралар мен қарықтар қазып, су астында қалған аумақтан суды кетіру; 2) өзеннің, көлдің немесе теңіздің су деңгейінің көтерілуі салдарынан аумақты су басу. Су деңгейінің көтерілуі өзен алабындағы қардың немесе мұздықтардың еруінен, жауын-шашынның мол жаууынан, мұзбөгет, желбөгет құбылысынан және т.б. туындайды. Топан су дүниежүзінің көптеген өзендерінде болып тұрады.[1]
Топан су – діни аңыздардан белгілі Нұқ Пайғамбар (ғ.с.) заманында болған, адамзат баласына келген жойқын су апаты. Нұқ пайғамбар (ғ.с.) заманында өнер, ғылым, техника өркендеп дамыды, бірақ көпшілік қауым Нұқтың (ғ.с.) үш жүз жыл бойы тәубаға келіңдер деп жасаған насихатына құлақ аспайды, аз ғана топ иманға келеді. Құдайдың әмірімен жерден су шығады, аспаннан жаңбыр құяды. Т. с-дан тек Нұқ пайғамбардың (ғ.с.) кемесіне мінгендер ғана құтылады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.