From Wikipedia, the free encyclopedia
Тобыл — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданындағы кент (1946 жылдан), ірі темір жолы бекеті, Тобыл кенттік әкімдігі орталығы.
Кент | |
Тобыл | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
52°41′19″ с. е. 62°35′22″ ш. б.52.68861° с. е. 62.58944° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1939 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
6895 адам (2009) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
10 |
Тобыл шекарасы
|
Облыс орталығы – Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 98 км, аудан орталығы – Әйет ауылынан 18 км жерде орналасқан.
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 7734 адам (3696 ер адам және 4038 әйел адам) болса, 2009 жылы 6895 адамды (3318 ер адам және 3577 әйел адам) құрады.[1]
Іргесі 1939-40 жылдары Ақмола – Қарталы (Ресей) темір жолы магистралін салуға байланысты қаланған. 1958 жылы Тобыл арқылы Қостанай – Жітіқара темір жолы мен автомобиль жолдары салынды, 1971 жылы одан Лисаковск қаласына темір жол тармағы тартылды.
Тобылда темір жолы және автомобиль көліктерінің ірі кәсіпорындары мен мекемелері орналасқан. Олардан басқа байланыс бөлімшесі, машина-трактор жөндеу шеберханасы, жанармай стансасы, ірі астық қоймасы, құрылыс материалдары кәсіпорны, нан зауыты, салқын су өндіретін цех, тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер бар.
2 орта мектеп, балабақша, мәдениет үйі, темір жолы ауруханасы мен емханасы, дәріхана, қонақ үй, демалыс саябағы жұмыс істейді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.