From Wikipedia, the free encyclopedia
Теріс сан - нөлден кіші нақты сан.Теріс сан - сан өсінде санақтың бас нүктесінің сол жағында, яғни нөлдің сол жағында орналасқан нүктелермен белгіленген.Көне заманнан белгілі натурал сандар математиктерді кейбір жағдайларда тұйыққа тіреген.Алғашында кіші сандарды үлкен сандарға бөлу амалы, кейіннен кіші саннан үлкен санды шегеру мәселесі туындаған.Кіші санды үлкен санға бөлу амалы орындалу үшін бөлшек сандар ұғымы, соңынан кіші саннан үлкен санды шегеру теріс сандар ұғымын енгізумен біржолата шешілген.Теріс сан ұғымы алғашқы кездері біздің заманымыздың VII ғасырында Үнді елінің математиктерінің ойын мазалаған.Олар кіші саннан үлкен санды шегеру мәселесін сауда-саттықта қолданылатын қарыз(борыш) ұғымымен ұштастыру нәтижесінде жаңа ұғым - теріс сан ұғымын қалыптастырған.Сауда-саттық ісіндегі қарыз(борыш) мәселесі кіші саннан үлкен санды шегерудің түпқазығы іспеттес болды.Үнді математиктері кіші саннан ұлкен санды шегеруді мысалы, 3 - 5 айырымы түрінде есептемеген, керісінше 5 - 3 айырымы түрінде азайтып, нәтижесін "қарыз"("борыш"), яғни берешек пұл немесе басқадай зат деп түсіндірген.Осылайша есептеу негізінде қосу және азайту амалын орындау мүмкін болғанымен көбейту және бөлу ережелерін түсіндіру мүмкін болмаған.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Кіші саннан үлкен санды шегерудің мүмкін болмауы математик ғалымдардың натурал сандар қатарының бір бағытта ғана шексіз математик ғалымдардың натурал сандар қатарының бір бағытта ғана шексіз болуынан деп жорымалдауына негіз болған.Мысалы, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1 натурал сан қатарынан 1 санын шегеретін болсақ: 6, 5, 4, 3, 2, 1 сандар қатарының пайда болатындығына ешкімнің күмәні жоқ.Осылайша 1 санын шегеруді жалғастыра берсек, ең соңында шегерілетін сан "жоқ" санды да "сан" деп есептеуіміз қажет екеніне ешкімнің күмәні болмаса керек.Кейіннен осы "жоқ" санның "нөл"(латынша нуллис - "ешқандай" деген сөзінен қалыптасқан) деп аталып кеткенін білеміз.Нөлден(яғни нөл санынан) 1 санын шегеру мүмкін болады деп есептеліп бұл айырым: - 1(минус 1) болып белгіленіп кетті.Осылайша жаңа сандар тізбегі, -1, -2, -3, ..... қолданысқа енген.Осы сандар бүтін теріс сандар деп аталған.Осылардың алдында тұрған минус таңбасы теріс санның 1 санынан шегеруден пайда болғанын меңзейді.Сондықтан бұл белгі "мөлшер белгісі" деп аталған.Сырт түрі <<->> болып жазылатын "минус" белгісі азайту амалында "амал белгісі" деп аталды.
Бүтін теріс сан ұғымы енгізілгеннен кейін, оның соңынан бөлшек теріс сандар ұғымы қалыптасқан.Арифметикада теріс сандарға қарама-қарсы оң сандардың қолданылатынын білеміз.Оң сандар(бүтін және бөлшек) және теріс сандар(бүтін және бөлшек) нөл санымен қоса - рационал сандар деп аталады.
Математика әлемі: Жалпы орта білім беретін оқу орындарының(мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия.Нұрқанат Көбенқұлұлы.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.