From Wikipedia, the free encyclopedia
Темір Нұрбақытұлы Бекмамбетoв (орыс. Тимур Нурбахытович Бекмамбетов; ағылш. Timur Nurbakhytovich Bekmambetov; маусымның 25, 1961, Гурьев қаласы, Қазақ КСР) — шығу тегі қазақ, клипмейкер, продюсер, кинорежиссер.[1]
Темір Бекмамбетов | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Темір Нұрбақытұлы Бекмамбетов |
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы |
клипмейкер, режиссёр, кинопродюсер |
Белсенді жылдары |
1991 — осы уақытқа шейін |
IMDb |
1961 жылғы 25 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. Әкесі Нұрбақыт Бекмамбетов — "Гурьевэнэрго" - да жұмыс жасаған, анасы — Мира Богословская облыстық партиялық-кеңестік "Прикаспийская коммуна" газетінің редакторының орынбасары , әдеби қызметкері болды. C.M.Киров атындағы №17 орта мектебін бітірді. Мәскеулік Энергетика Иститутында оқыды, бірақ оқуын бітірмеді. Кейін Ташкент қаласына қоныс аударды.
Еңбек жолын 1986 жылы “Перед большой дорогой на войну” телефильмінде қоюшы- суретші болудан бастаған. 1987 жылы А.Островский атындағы Ташкент театр-көркемөнер институтын бітірген. Ол кезде оның мамандығы "театр және кино суреткері" болды. Сонда ол Виктор Вержбицкиймен танысты. Ақырында ол оның тұрақты, үздіксіз актерi болды.[2]
Ашғабадта армияда қызмет етті. "Ильхом" театрында және "Өзбекфильм" киностудиясында суретші болып қызмет істеді. 1978 жылы 17 жасында ол Мәскеуге қоныс аударып бейнебаяндар түсірумен айналысты.
1989 жылы "Кредит Москва" банкіне жарнамалық сюжетін даярлады. 1989-1990 жж “Даттана” франциялық компаниясымен “Арал теңізі” көркем фильмнің жобасында қызмет атқарды.[3] 1994 жылы Сорренто кинофестивалінде әділқазылардың арнайы жүлдесі мен арнайы киносыншылардың Кинотаврдегі арнайы сыйлығын иеленген “Пешаварский вальс” толық метражды фильмі сценарийінің авторы және режисері болды. 1994 жылы Карловы Вары Халықаралық кинофестивалінде ең үздік режиссерлік жұмыс пен актерлік құрамның жүлдесіне ие болды. Менатеп банкінің жарнамалық бейнебаяндарының авторы. 1994 жылы Михаил Лесиный, "Видео Интернешнл" компаниясының жетекшісі арқылы Сергей Родинов, "Империал" банкінің президентімен танысады. 1992-1997 жылдар аралығында Cергей Родиновтың тапсырысы бойынша 20 жарнамалық ролик түсірді және түсірген жарнама роликтері кейін оны аудиторияға кеңінен танымал етті. 2002 жылы "Сэлдом”, “Пепси”, “Славянский” банкілері туралы жарнамалар түсірген. “Риал рекордс” компаниясы тапсырысы бойынша Юлия Чичеринамен бірлесіп 3 музыкалық “Ту-лу-ла”, “Жара”, “Дорога” клиптерін түсірді. “Жара” клипі Ресей кино академиясының арнайы жүлдесіне ие болып, “MTV Music Awards-2000” номинациясына ұсынылды. РТР телеканалының тапсырысы бойынша сегіз сериялық теледидарлық көркем "Наши 90-e" атты фильмін түсірді. Роджер Корман студиясы үшін "Гладиатрикс" фильмін түсіруге шақырылды. Түсірілу Ресейде басқарылды, фильм 2001 жылы экрандарда жарық көрді. 2002 жылы "ГАЗ-русские машины" атты фильмін түсірді.
2004-2005 жылдары оның атағын шығарған Сергей Лукьяненконың "Ночной дозор" және "Дневной дозор" аттас романы бойынша түсірілген фантастикалық фильмдерінің режисері әрі тең авторы. 2005 жылы Голливудқа шақырылған болатын.[4]
Эльдар Рязановтың рұқсат етуімен бірнеше ұрпақтың сүйікті киносына айналып үлгерген "Ирония судьбы" фильмінің де жалғасын түсіріп, бұл картина Ресей кинобизнесіндегі долларлық табыс табу рекордын түбегейлі жаңартты.
2006 жылы Жерар Депардье түскен ұялы телефон операторына арналған екі жарнамалық роликтің режисері.
2008 жылы әлемдік прокатқа "Особо опасен" фильмі шыққан алғашқы аптада 80 миллион доллар жинап үлгерген, әйгілі Анджелина Джолидің қатысуымен Голливудта түсірген фильмінен кейін, Темір Бекмамбетов Астанада өткен 5-ші халықаралық "Еуразия" кинофестивалының құрметті қонағы болды.
ЗАО "Империал фильм", киностудия "ТАББАК" және Базелевс Продакшн компаниясының ұйымдастырушысы және бас директоры.
Жылы | Фильм | Лауазымы | |||
---|---|---|---|---|---|
режиcсер | продюсер | cценарист | |||
1987 | Перед большой дорогой на войну | Иә | |||
1994 | Пешаварский вальс | Иә | Иә | Иә | |
2000 | Біздің 90 | Иә | Иә | ||
Гладиатрикс | Иә | ||||
2002 | "ГАЗ — орыс көліктері | Иә | Иә | ||
2004 | Ночной Дозор | Иә | Иә | ||
2005 | Дневной Дозор | Иә | Иә | ||
2006 | Громовтар | Иә | |||
2007 | Ирония судьбы. Продолжение | Иә | Иә | Иә | |
2008 | Особо опасен | Иә | |||
2009 | 9 | Иә | |||
Чёрная Молния | Иә | ||||
2010 | Шыршалар | Иә | Иә | ||
2011 | «Выкрутасы» | Иә | |||
«Аполлон 18» | Иә | ||||
«Фантом» | Иә | ||||
«Смешарики. Начало» | Иә | ||||
«Шыршалар 2» | Иә | Иә | |||
2012 | «Президент Линкольн: Охотник на вампиров» | Иә | Иә | ||
«Алиса не істеу керек екендігін, біледі!» | Иә | ||||
«Джентльмены, удачи!» | Иә | ||||
«Снежная Королева» | Иә | ||||
2013 | «Шыршалар 3» | Иә | |||
«Горько!» | Иә | ||||
«Игра в правду» | Иә | ||||
2014 | «Горько! 2» | Иә | |||
«Ёлки лохматые» | Иә | ||||
«Тиіндер» | Иә | Иә | |||
«Снежная королева 2: Перезаморозка» | Иә | ||||
«Шыршалар 1914» | Иә | Иә | |||
2015 | «Ол — айдаһар» | Иә | |||
«Самый лучший день» | Иә | ||||
«Убрать из друзей» | Иә | ||||
2016 | «Хардкор» | Иә | |||
«Бен-Гур» | Иә | ||||
«Шыршалар 5» | Иә | Иә | |||
«Взломать блогеров» | Иә | ||||
2017 | «Время первых» | Иә | |||
«Знаешь, мама, где я был?» | Иә | ||||
«Война токов» | Иә | ||||
«Шыршалар жаңа» | Иә | ||||
2018 | «Профиль» | Иә | |||
«Туған күн!» | Иә | ||||
«Шыршалар соңғы» | Иә | Иә | Иә | ||
«Іздеу» | Иә | ||||
«Убрать из друзей: Даркнет» | Иә | ||||
2021 | Девятаев | Иә |
Продюсерлер: Аллен Нибло, Джеймс Ричардсон
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.