Тейт Модерн (ағылш. Tate Modern) немесе Тейт заманауи галереясы - Лондон орталығындағы халықаралық заманауи өнердің ұлттық галереясы, Тейт галереялар тобына кіреді. Бұрынғы электр стансаның орнына 2000 жылы салынды. Галереяда XX ғасырдың басынан бастап жасалған әлем өнерінің туындылар жинақтамасы орналасқан.

Quick Facts Тейт Модерн ағылш. Tate Modern, Құрылған уақыты ...
Тейт Модерн
ағылш. Tate Modern
Thumb
Құрылған уақыты 2000
Орналасқан жері Ұлыбритания Ұлыбритания, Лондон
Мұражай түрі заманауи өнер
Келушілер саны 5 318 688 (2012)[1]
www.tate.org.uk/modern
Логотип Ортаққордағы санаты: Тейт Модерн
Close

Тейт Модерн келушілер саны жағынан әлемдегі ең ірі заманауи өнер галереясы болып табылады,[2] 2009 жылы келушілер саны 4700000 адамнан асты.

Тарихы

Қазіргі кезде Тейт Модерн галереясы орналасқан ғимаратта, бұрын Темза жағасындағы Бенксайд элект стансасы орналасқан еді. Бұл ғимараттың құрылысы екі кезеңге бөлініп 1947 жылы басталды, 1963 жылы ғимарат толығымен дайын болды. Құрылыс Баттерси элект стансасының, Ливерпуль соборының, Оксфорд және Кембридж университеттік кітапханаларының, Ватерлоо көпірінің және танымал британдық қызыл телефон күркесінің авторы — Джайлс Гилберт Скоттың жобасы бойынша салынды. Элект стансасы жабылғаннан кейін, ғимарат толық қайта құру жұмыстарынан өтті.

2013 жылы Herzog & de Meuron швейцариялық сәулет бюросының жобасы бойынша, галереяның жаңа корпусы салынды.

Галереяға қатысты фотосуреттер

Сілтемелер

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.