Таңбалы петроглифтері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері [1] — петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген.
Мына мақаланы не бөлімін Таңбалы дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері | |
---|---|
(ағылш.) Tanbaly* | |
ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасы | |
Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері | |
Ел | Қазақстан |
Түрі | мәдени |
Критериялар | iii |
Сілтеме | 1145 |
Аймақ** | Алматы обылысы |
Қосылуы | 2004 (28-сессия)
|
Картадағы Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері | |
* Атауы ағыл. ресми тізімінде ** ЮНЕСКО-ның классификациясы бойынша аймақ |
Таңбалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан. Петроглифтер кездейсоқта табылғанмен, бұл жаңалықтың мәні төмендегідей болды, Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енді.
Өткен жарты ғасырда осы жерлерде ондаған ғылыми экспедициялар болып, әрбір дала маусымында ғалымдар көне дәуірдегі адамдардың өмірі туралы жаңа дәлелдемелер тауып отырған. Бүгінгі, ауданы 3800 га қорық - датасы біздің жыл санауымызға дейінгі ХІV-ХIII ғасырдың ортасы – ХІХ-XX жүзжылдық аралығымен көрсетілген елді мекендер, мазарлар, тас қашалған орындар, петроглифтер галереялары (ал олардың бәрін қосқанда 5000-н астам суреттер) және діни құрылыстар (құрбан шалынатын жерлер) түрлі кезеңдегі жүзге тарта ескерткіштерден тұратын қорық бірегей археологиялық кешен болып табылады. Міне осы кездің бәрінде, бірнеше мыңжылдықтар бойы мұнда адамдар тұрғылықты өмір сүрген, бұған дәлел – тастан қаланған үйлер мен мал кіргізетін қоралардың орны, ыдыстардың сынығы және тастан, темірден, сүйектен жасалған бұйымдар.
Петроглифтер Таңбалы шатқалының аса маңызды және көптүрлі ескерткіштерінің бірі болып табылады. Тастағы суреттердің бәрі пикетаж техникасында, кейде ғана темір аспаптың немесе тастың көмегімен ойып жасалатын, бояумен жасалғандары кездеспеген. Тастағы суреттер галереясын арғы ата бабаларымыз орта қола, кеш қола, өтпелі дәуір (ертедегі сақ), ертедегі темір дәуір (сақ және үйсін), ортағасыр (ертедегі түрік) және жаңа заман (жоңғар және қазақ) сияқты әртүрлі тарихи дәуірде құрған. Таңбалы тастағы суреттердің көне және ең әсерлі сериясын құрайтын, орта қола дәуірдің петроглифтары эстетикалық және мәдени құндылықтарға ие. Сол кездегі тастағы бейнелеу өнерінің шеберлерін солярий құдіреті («күнбастылар»), «маскарадшылар», шоқпарұстаушылар, қасқыр маскасындағы садақшы, қару ұстаған жауынгерлер, малдар мен адамдарды құрбандыққа шалу көріністері, эротикалық көріністер, жас босанған әйелдер, арбалар, түрлі белгілер, символдар, сондай-ақ бұқаларды, құландарды, аттарды, түйелерді, қабандарды, қасқырлар мен бұғыларды бірнеше рет бейнелеу сияқты ойларының кеңдігі ерекшелендіріп тұрған.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |