From Wikipedia, the free encyclopedia
Татьяна Лиознова (20 шілде 1924, Мәскеу — 29 қыркүйек 2011, сонда) — КСРО халық әртісі (1984), режиссер. Әуелде анасының ақылымен қарапайым инженер мамандығына түскен ол бір семестрді аяқтамай жатып-ақ өзінің қолы емес екендігін байқады да, 1943 жылы Бүкілодақтық кинематография институтына Сергей Герасимовтің курсына түсті. Қатал тәлімгер Лиознованы өмірлік тәжірибесі жоқ, деп оқудан шығарып жібермек болып оқталды да, оның жұмыстарын көріп, «Жас гвардияны» қоюға көмектесуін сұрады. Онда ол небәрі 20 жаста болатын.
Лиознованың 12 сериялы «Көктемнің 17 сәті» картинасы Вячеслав Тихоновтың даңқын шығарды. Осы картинадан кейін ол көрермендерінен 12 қап хат алды және оның бәрін де ерінбей-жалықпай оқып шықты.
Лиознова өзінің әрбір фильмінде адамдардың жүрегіне шуақ сыйлады. Өзінің сүйікті «Карнавал» фильмінде картинаның әрі сценарий авторы болды. «Телфон шал, маған» фильмі шын мәнінде Ирина Муравьева екеуінің бенефисі іспетті болды. Ол 1986 жылдан кейін фильм түсіруді қойды. Жаңа дәуірге оның қаһармандарының қажеті болмай қалды.
Татьяна Лиознова анасының жанына Дон бейітіне жерленген.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.