From Wikipedia, the free encyclopedia
Тасарал аралы – Балқаш көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі арал.
Тасарал | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ең биік нүктесі | 375 м |
Орналасуы | |
46°17′23″ с. е. 74°04′28″ ш. б.46.28972° с. е. 74.07444° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Балқаш |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы |
Аудан | Ақтоғай ауданы |
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан.
Ауданы 30 км2. Абсолюттік биіктігі 375 м. Су деңгейінен 35 м көтеріңкі жатыр. Сәл белесті денудацыялық жазықта тік жарлар кездеседі (биіктігі 3 – 17 м). Жағалық бөлігі террасалы белесті.
Палеозойдың силур жүйесінің тығыздалған жыныстарынан түзілген.
Климаты тым континентті. Қысы суық, қары аз, қаңтардың орташа температурасы –14 oС. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 25 oС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 150 мм.
Қалыпты бозғылт қоңыр, шөлдік сортаң топырақтар тараған. Жусан, селеу, көкшұнақ бетеге, бұйырғын, тасбұйырғын өседі. Арал Кенесары мен Ағыбай батырдың сарбаздары дем алатын орын болған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.