Тарту күші дегеніміз автокөліктің,-ұшақтың қозғалтқышындағы жану процесінен туатын күш From Wikipedia, the free encyclopedia
Тарту күші — әсерінен ракета қозғалатын, ракета қозғалтқышын күш қондырғысы ретінде анықтайтын негізгі шама.
Отынның жану барысында ұдайы қатты қызған газ бөлініп, қуыс канал (сопло) арқылы өте отырып, ракетаны қарсы бағытқа итереді.
Осы күш реактивті күш немесе қозғалтқыштың тарту күші деп аталады. Тарту күші ракетаға іштен де, сырттан да әсер ететін барлық қысым күшіне тең әсер етеді.
Тарту күші екі негізгі құрамды бөліктен қалыптасады:
Тартудың негізгі үлесі реактивті күшке тарту күшінің негізгі құрамдьі бөлігіне тиеді. Ракетаның ұшуы барысында Тарту күші тұрақты емес: биіктеген сайын атмосфералық қысым азайып, қозғалткыштың тарту күші артады. Алыс қашықтыққа ұшатын баллистикалық ракеталарда атмосфералық қысымның әсерінен тарту күші 15%-ға артады. Тарту күші ұшырудың бастапқы не соңғы учаскесінде де тұрақты шама бола алмайды. Тарту күші кг-мен (тоннамен) өлшенеді.[1][2][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.