Тандем велосипеді
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тандем - бірінен кейін бірі отыратын бірнеше немесе көп жағдайда екі адамға арналған велосипед. Әдеттегі тандемнің бір рамасы және екі доңғалағы бар, алайда әр адамның өзіне тиесілі велосипед меңгерігі, орындығы және тепкісі болады.
Басқа мағыналар үшін Тандем деген бетті қараңыз.
Велосипедті айдауда негізгі рөлді алда отырған адам алады, бірақ артта отыратын адамға бағытты басқаратын мүмкіндік беретін тандемдер де кездеседі. Егер, адам велосипедті басқармаған жағдайда меңгерікті таяныш ретінде қолданады. Екі адам да тандемнің тежеу жүйесін басқара алады.
Қағида бойынша екі адамдық тандемнің ұзындығы 240 см болса, салмағы 15 - 20 кг - ды құрайды.